Хадис
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хадис (араб.: حديث), көпше: ахадис. Жаңалық, хабар, әңгіме) — мұсылман қауымы өмірінің әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын, Мұхаммедтің ﷺ сөзі мен істерін дәріптейтін аңыз-әңгімелер. Хадис - Құраннан кейін екінші құқықтық құжат.
Мұхаммед пайғамбардың ﷺ сөзі мен істеріне негізделген мұсылман қауымының әр алуан діни-құқықтық мәселелерін қамтитын ғибрат сөздер, әңгімелер. Хадистің мән-жайын баяндайтын бөлімін матн (араб.: متن) десе, сол матнды баяндап жеткізуші адамдар тізбегін иснад (араб.: إسناد) деп атайды. Хадис баламасы — асар және хабар. Хадис жинағы сунна деп аталған, Құраннан кейінгі құқықтық құжат. Құдси хадис — Аллаһтың сөзі деп танылып, хақиқат жайлы рухани мәндер кейінгі ойшыл әулиелердің рухани ізденісіне негіз болған. Мұсылман ілімінде иснадтарды салыстыра отырып, хадистың тазалығын тексеріп отыратын арнайы пән бар. Хадистерді тексерудің қағидалары мен ілімін зерттеп сын елегінен өткізетін мамандарды мухаддистер деп атайды. Хадис орта ғасырларда мұсылман мәдениетінің ең негізгі білім көзіне айналды. Хадис ғылыми еңбектердің бірден-бір дәйектемесі, сондай-ақ мақал-мәтел, нақыл сөздер ретінде де кеңінен пайдаланылады.