Цюрих көлі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Цюрих көлі (нем. Zürichsee, фр. Lac de Zurich) — Швейцария таулы үстіртінің шығыс бөлігіндегі 406 м биіктікте орналасқан көл, Швейцария жерінде. Ауданы 88,5 км², ұзындығы 40 км, ені 1 — 4 км, ең терең жері 143 м. Көл қазаншұңқыры мұздық әрекетінен пайда болған. Хурден құмқайыры мен т. ж. бөгеті арқылы Ц. к. оңт.-шығыс және солт.-батыс бөліктерге бөлінген. Тау өзендері суымен толығады. Көлден Лиммат өз. (Рейн алабы) ағып шығады. Деңгейінің ең жоғарғы кезі маусым — шілде (көл алабындағы мұздықтардың еруіне байланысты) айларына келеді. Кеме жүзеді. Батыс жағалауында Цюрих қ. орналасқан.
Quick Facts Морфометрия, Су алабы ...
Цюрих көлі нем. Zürichsee, фр. Lac de Zurich | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 406 м |
Өлшемі | 40 × 4 км |
Ауданы | 88,66 км² |
Көлемі | 3,9 км³ |
Тереңдігі | 143 м |
Орташа тереңдігі | 49 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 1829 км² |
Құятын өзен | Линт |
Шығатын өзен | Лиммат |
Орналасуы | |
47°15′28″ с. е. 8°38′56″ ш. б.47.2578° с. е. 8.6489° ш. б. / 47.2578; 8.6489 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | Швейцария |
Аймақтар | Санкт-Галлен, Швиц, Цюрих |
Цюрих көлі Ортаққорда |
Close