From Wikipedia, the free encyclopedia
Ясин сүресі (араб. يس — Йа Син) — 36-шы Құран сүресі. 83 аяттан тұрады.
Сүренің атауы бірінші аяттағы “йа” және “син” әріптеріне байланысты берілген. Мұндай бөлшектенген әріптермен (хуруфи муқатаға) басталатын бірнеше сүрелер бар. Бұл әріптердің мағынасы бір Аллаға ғана аян. Сексен үш аяттан тұратын Ясин Сүресі негізінен Мекке қаласында, кейбір сүрелері Мединеде түсірілген. Ясин Сүресіде иман негіздері жайлы кеңінен баяндалады. Мысалы, Құранның негізгі тақырыбы пайғамбарлық жайлы сүренің алғашқы аяттарында былай дейді:
Ясин Сүресі ең көп оқылатын сүрелердің бірі. Мұхаммед пайғамбар Ясин Сүресінің қасиеттері туралы көптеген хадистерінде айтқан. Мысалы: “Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі Ясин сүресі” (Тирмизиден рауаят болған. “Фазайиул құран”), “Ясин Құранның жүрегі. Алла Тағаланың рахметінен, ақырет күнінің жақсылығынан үміттене отырып, Ясин оқыған адамның өткен күнәларын Алла Тағала кешіреді. Қайтыс болған адамдарың үшін Ясин сүресін оқыңыздар” (Әбу Даууд Жанайиз). Қырық рет Ясин Сүресі қайырып оқып (Шілясин), науқас адамға немесе дем салдырушы кез келген адамға күш кіреді. Ясин – Мұхаммед пайғамбар есімдерінің бірі.[1][2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.