Аллаһ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Алла (араб.: الله), кейде Аллаһ — Ислам дініндегі бiр Құдайды (Тәңірді) бiлдiретiн араб сөзi. Бұл сөз әл-илаһ (al-ilāh) - "осы Құдай, Тәңір" деген сөзден қалыптасқан болып, "Құдай" мен "Тәңір", мағынасындағы Ел және Елаһ деген иврит және арамей сөздерінен бастау алады.[1][2]
![]() | Бұл бетті Алла атауына ауыстыру ұсынылған.
Мақала атауын өзгертуді ұсынғыңыз келсе, {{жылжытылсын}} үлгісін пайдаланыңыз.Сілтемелер: Жылжыту журналы |

Исламға дейін Алла сөзі арабтардың түрлі діндерінде қолданылып келген.[3] Анығырақ айтқанда бұл атау мұсылман және христиан арабтарының арасында бірдей қолданыс тапқан.[4] Бұл сөзді жаппай болмаса да, Бабистер, Баһаи, Мандеилер, Индонезия мен Мальта христиандары және Мизраһи еврейлері қолданған.[5][6][7][8] Батыс Малайзиядағы христиандар мен сикхтердің бұл сөзді қолдануы таяуда саяси және құқықтық келіспеушіліктерге әкелген болатын.[9][10][11]
Remove ads
Этимологиясы

Аллаһ сөзі қазақ тілінде Алла деп бұрыннан айтылып және жазылып келді, ҚМДБ да бұл туралы өз пәтуасын берді.[12]
Алла сөзінің этимологиясын араб ғалымдары талқылап келеді.[13] Басра мектебінің грамматиктері оны "өздігінен" (murtajal) мағынасында түсіндіреді, яғни, «жоғары» немесе «жасырын» деген мағынасы бар ауызша түбірі lyh болған lāh-тың белгілі бір нысаны ретінде таниды.[13] Басқалар бұл сөзді сириялық және иврит тілінен алынған деп есептеп, бастысы араб сөз алды қосымшасы әл (al-) "осы" деген сөз бен Илаһ (ilāh) "Тәңір, Құдай" сөзі бірігіп Ал-лаһ (al-lāh) "осы құдірет", "бір Құдай" деген мағына береді дейді.[13] Қазіргі ғалымдардың көбі екінші нұсқаны растайды, сырттан келген сөз дегенге күмәнмен қарайды.[14]
Алла сөзімен тамырлас басқа сөздер иврит және арамей тілінде кездеседі.[15] Қатысты арамейше нұсқасы Елаһ (Elah, אלה) болса, ол дәріптелген күйде Елаһа (Elaha, אלהא) делінген. Мұның Інжілдік Арамейлік жазбаша нұсқасы Елаһа (ʼĔlāhā, ܐܠܗܐ) болса, Ассириялық шіркеудегі сириялық нұсқасы Аллаһа (ʼAlâhâ, ܐܲܠܵܗܵܐ) болған. Бұл екеуі де қарапайым түрде '"Құдай'" деген мағынаны береді.[16] Інжілдік иврит көбінесе көпше түрде Елоһім (Elohim, אלהים) деп қолданылса, анда-санда ол жекеше түрде Елоаһ (Eloah, אלוהּ) деп қолданылады.(אלוהּ).
Remove ads
Ислам дінінде
Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Алла - бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Алладан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Алланың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаға тең ешкім жоқ және бұл сөзді барлығы мойындап отыр. Алла сөзінің маңызы зор. Барлық өте жақсы аттар және сапалардың иесi, тиiстi шын жаратушыға және құдайға теңестіреді, ол - жалғыз. Алла мәңгi, ол туылмаған және туылмайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес.
Remove ads
Бiр құдайлық
Негiзгi бап: Таухид
Таухид - Алла бiр, Құдай жалғыз жаратушы екенін мойындау. Құдаймен жинағы маңызды (таухиду-ррубубийа), табынуға тек қана Ол лайықты (таухиду-ль-улухийа) және мұндай атрибуттарға жəне ешкім ие болмайтын сапаларға ие болатын, тiптi (таухид-уль-асма уа сыйфат) таухид ислам дiнiн құрайтын бас болып табылады.
Алланың көркем есімдері
|
|
|
Remove ads
Алла тағалаға иман келтіру
Алла тағалаға иман келтіру мына нәрселерді қамтиды:
- Алла тағаланың бар екендігіне
- Оның періштелеріне
- Оның кітаптарына
- Оның елшілеріне
- Қияметке
- Барлық жақсылық пен жамандық Алла тағаланың тарапынан екендігіне сену
Алла тағаланың барлығына болмыс, ақыл, дін және сезім дәлел бола алады.
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads