From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақ хандығында 1459 – 1847 жылдар аралығында билік жасаған әулет шежіресі.
Қазақ хандары әулеті | |
Қазақ хандығының байрағы | |
Елі | Қазақ хандығы |
---|---|
Негізін салушы үйі | Шыңғыс хан әулеті |
Титулдары | Хан, сұлтан, ханзада |
Негізін салушысы | Керей хан |
Соңғы билеушісі | Кенесары хан |
Негізі салынған жыл | 1464 (1465) |
өңдеу |
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан бастау алады. Қазақ хандарының атасы – Ұрыс хан. Оның аталары жөнінде тарихи әдебиетте екі жақты пікір қалыптасқан. Бірінде оны Жошы ханның 13-ұлы Тоқай Темір әулетінен таратады («Нұсрат-Намэ», «Му'Уииз әл-ансаб», «Түрік шежіресі» (Әбілғазы Баһадүр Хан), «Шыңғыснама» (Өтеміс қажы), кейіннен Ш.Уәлиханов пен Ш.Құдайбердіұлы, т.б.). Осы жазба деректерге байланысты Қожа Ахмет Ясауи мазарында қойылған хандар тақтасында қазақ хандары “Тоқай Темір әулетінен” деп жазылған. Екіншісінде – Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайды (Ф.Рашид-ад Дин, В.Вельяминов-Зернов, П.Савельев, Т.Сұлтанов, т.б.). Орда Ежен хан Жошы ұлысының сол қанатын басқарды, Жошының 5-ұлы Сыбан (Шайбани) мен Тоқай Темір сол қанаттың құрамындағы кіші отаулар болды[1].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.