Қантамырлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қантамырлар (лат. Blood vessel) — адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Quick Facts Қантамырлар, Латын тілі ...
Қантамырлар | |
---|---|
Адам денесіндегі қан тамырлары (схема) | |
Латын тілі | vas sanguineum |
Close
Қантамырлар:
- қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырлар — күретамырларға,
- қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырлар — Көктамырларға
- оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін "микроайналым арнасының қан тамырларына" (қызыл тамырша — артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша — венула) бөлінеді.
Күретамырлар мен Көктамырлар қанды тасымалдаушы тамырларға жатады. Олардың жақтауы қалың. Түтікше мүше ретінде күретамыр мен көктамырлардың жақтаулары үш қабықтан құралған: ішкі - интима, ортаңғы — медиа, сыртқы - адвентиция. Микроайналым арнасы қантамырларының қабырғалары арқылы қан мен оны қоршаған ұлпалар арасында зат алмасу процесі жүреді. Қантамырлардың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Көктамырлар интимасында жүрекке қарай ғана ашылатын қақпақшалар (клапандар) болады.[1]