From Wikipedia, the free encyclopedia
Қобда ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1929 жылы құрылған. Жер аумағы 14 мың км². Аудан орталығы – Қобда ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Қобда ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
16 |
Ауыл саны |
31 |
Әкімі |
Ізгілік Досмұратұлы Тынымгереев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Қобда ауылы, Астана көшесі, №48 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
50°09′36″ с. е. 55°39′00″ ш. б.50.16000° с. е. 55.65000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1929 |
Жер аумағы |
14 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
15 977[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
1,1 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (82,22%), орыстар (10,55%), украиндар (4,13%), немістер (1,09%), басқалары (2,01%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+7 71341 |
Пошта индексі |
031000-031018[3] |
Автомобиль коды |
04 |
Аудан оңтүстігінде Ойыл, Темір, шығысында Мәртөк, Алға, батысында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
Қобда ауданының жерінің басым бөлігі үстіртті жазық, оңтүстік-батыс бөлігі төбелі-белесті, мұнда әктас, сазды тақтатастан құралған Ақшатау тауы (абсолюттік биіктігі 245 м), оңтүстігінде Әбді тауы (304 м) орналасқан. Ауданның ең биік жері - Құмсай ауылынан оңтүстік-батыста орналасқан тау (324 м). Шығысы мен оңтүстігі бұйратты. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
Климаты тым континеттік, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -14-16°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250-300 мм.
Жері негізінен карбонатты қызғылт қоңыр топырақты, оңтүстігінде қиыршықты бозғылт қоңыр топырақты. Үлкен Қобда өзенінің аңғарында шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қара жусан аралас бетеге, қызғылт қау, боз, т.б. әр түрлі ксерофитті шөптерден тұрады. Жануарлардан - қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қарсақ, сарышұнақ, суыр; құстардан - дуадақ, тырна т.б. мекендейді.
Тұрғындар саны 18623 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (81,92%), орыстар (10,53%), басқалары (7,55%).
Аудан аумағындағы 31 елді мекен 16 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Ақырап ауылдық округі | Ақырап ауылы | 1 | ▼607 |
Бегалы ауылдық округі | Бесқұдық ауылы | 1 | ▼1000 |
Бестау ауылдық округі | Бестау ауылы | 1 | ▼483 |
Бұлақ ауылдық округі | Әлия ауылы | 2 | ▲1163 |
Жарсай ауылдық округі | Жарсай ауылы | 3 | ▼589 |
Жарық ауылдық округі | Жарық ауылы | 4 | ▼469 |
Жиренқопа ауылдық округі | Жиренқопа ауылы | 1 | ▼577 |
Иманғали Білтабанов ауылдық округі | Иманғали Білтабанов ауылы | 3 | ▼768 |
Исламғали Құрманов ауылдық округі | Бегәлі ауылы | 2 | ▼625 |
Қобда ауылдық округі | Қобда ауылы | 2 | ▲6093 |
Қызылжар ауылдық округі | Қызылжар ауылы | 2 | ▼490 |
Өтек ауылдық округі | Өтек ауылы | 2 | ▼419 |
Сарыбұлақ ауылдық округі | Сарыбұлақ ауылы | 1 | ▼502 |
Сөгәлі ауылдық округі | Көк үй ауылы | 3 | ▼369 |
Талдысай ауылдық округі | Талдысай ауылы | 1 | ▼903 |
Терісаққан ауылдық округі | Терісаққан ауылы | 2 | ▼949 |
Атауы | Халқы (2009) |
---|---|
Қобда (Новоалексеевка) | ▼ 5244 |
Бесқұдық (Калиновка) | ▼ 1303 |
Әлия (Алпайсай) | ▼ 1001 |
Талдысай | ▼ 918 |
Ақырап | ▼ 856 |
Терісаққан (Успеновка) | ▼ 788 |
Сарыбұлақ | ▼ 764 |
Жиренқопа | ▼ 741 |
Бестау (Пятигорка) | ▼ 651 |
Қызылжар (Краснояр) | ▼ 637 |
И. Білтабанов (Хабаловка) | ▼ 636 |
Жарсай (Алексеевка) | ▼ 535 |
Өтек (Новоалександровка) | ▼ 517 |
Көк үй (Зелёный дол) | ▼ 513 |
Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,357 млн га, егістік 67,5 мың га, шабындық 18 мың га, жайылым 119,6 мың га (2009). Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Мәртөк-Ойыл автомобиль жолдары өтеді.[6]
Болат Ахметұлы Құлов 20 наурыз 2020 жыл — қазіргі уақыт
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.