Алға ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Алға ауданы
Remove ads

Алға ауданы Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс.

Quick facts Әкімшілігі, Облысы ...
Remove ads

Географиялық орны

Батысында Қобда, солтүстігінде Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау, оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Алға қаласы.

Халқы

More information 1989[4], 2009[5] ...

Тұрғыны 40783 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (80,61%), орыстар (10,15%), украиндар (4,23%), немістер (1,08%), беларустар (0,20%), татарлар (0,78%), басқалары (2,95%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 30 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Ірі елді мекендері

More information Атауы, Статусы ...

Жер бедері

Алға ауданының жері негізінен қыратты жазық (биіктігі 200 – 400 м). Солтүстік-батысында Тасқоралы тауы (биіктігі 386,7 м), оңтүстік-батысында Бесоба тауы орналасқан (биіктігі 324 м). Олардан басқа Аққұдық, Қарамең, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Нартау, Тасшоқы таулары бар. Кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі.

Климаты

Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 22 – 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм шамасында.

Өзендері

Аудан жерінен оңтүстікке қарай Елек, Сарықобда, Қарақобда және олардың салалары Тәңірберген, Талдысай, Батпақты, Сазды, т.б. өзендері ағып өтеді.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, боз шөптері өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан бөкен, елік; құстардан дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. Ауданда ауыл шаруашылығы (астық) мен мал шаруашылығы (ірі қара, қой, жылқы, шошқа) жақсы дамыған. Минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе «Нитрохим», «Неохим» химия кәсіпорындары, нан, май зауыттары бар. Орынбор – Ташкент темір жолы, республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау автомобиль жолы аудан аумағынан өтеді.[6]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads