Үстемдік еркі (Ницше)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үстемдік еркі (нем. Wille zur Macht, ағылш. Will to power) — Неміс ойшылы Фридрих Ницше тірі және сау кезінде жоспарлаған, бірақ жазылып бітпей қалған кітабы болып, оны басқалар одан қалған қолжазбаларынан құрастырған. Ф.Ницшенің жарияланған кітаптарына енбей қалған үзінді сөздері мен нақылдарын оның мұрағатына заңдық мұрагер болған қарындасы Элизабет (Elisabeth Förster-Nietzsche) Ф.Ницшенің досы Heinrich Köselitz ("Peter Gast")-пен бірлесіп реттеп, «Үстемдік еркі» (der Wille zur Macht) деген тақырыппен 1901 жылы, және 1906 жылдары екі рет басып шығарды.