From Wikipedia, the free encyclopedia
ҰЗАҚ БАҒАЕВ (16.10.1930, Алматы облысы Райымбек ауданы — 28.7.1973, Алматы) — журналист, Қазақстанның еңб. сіңірген мәдениет қызметкері.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.[1]
Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітірген (1952). 1952 — 1962 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1962 — 1969 жылы Қызылорда, Талдықорған облысы газеттерінің редакторы, 1969 — 1973 жылы “Социалистік Қазақстан” газетінің бас редакторы болды. Бірнеше жылдар бойы Қазақстан журналистер одағының төрағасы міндетін атқара жүріп, республикада журналист кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосты. “Халық бастамасы — қайнар бұлақ” (1961), “Дала жұлдыздары” (1970), “Жан сұлулығы” (1975), т.б. кітаптары жарияланған. Құрмет Белгісі, "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1973). Алматы облысы Райымбек ауданындағы Алғабас ауданында Баға атындағы орта мектеп, көше бар, музей-үйі ашылған. Жыл сайын еліміздің үздік деп танылған журналистеріне Бағаев атындағы арнаулы жүлде беріледі.[2]
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.