Ә (кирил)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ә — қазіргі қазақ алфавитіндегі екінші әріп, ауыздың мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке ашық дауысты,езу дыбысының таңбасы. Ә - А мен Е нің арасындағы бір дыбыс. Көп әліпбилерде Ә әрпі Е нің қасында қойылған. Бұрыңғы Қазақ әліпбилерінде де Ә Е - ден кейін тұрған. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады, екінші буында "А" фонемасымен ауысып, акустика жағынан көмескіленеді. Сондықтан қазақ тілінің жазу жүйесі бойынша екінші буында Ә дудамал естілгенде А жазылады (мысалы, кітап, Сәбира). Ә негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздердің бірінші буынында айтылады. Соған орай, қазақ тілінде, кейбір түркі тілдерінде Ә дыбысының қалыптасуы шығыс тілдерінен келген сөздердің артикуляциялвқ ыңғайласуына байланысты деген пікір бар. Алайда әкел (алып кел), әпер (алып бер) тәрізді сөздердің құрамындағы Ә - ассимиляцияның нәтижесі. Ә қосымшалар құрамында қолданылмайды[1][2].
Қазақ кирил әліпбиі | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
-{Аа}- | -{Әә}- | -{Бб}- | -{Вв}- | -{Гг}- | -{Ғғ}- | -{Дд}- | |||||||
-{Ее}- | -{Ёё}- | -{Жж}- | -{Зз}- | -{Ии}- | -{Йй}- | -{Кк}- | |||||||
-{Ққ}- | -{Лл}- | -{Мм}- | -{Нн}- | -{Ңң}- | -{Оо}- | -{Өө}- | |||||||
-{Пп}- | -{Рр}- | -{Сс}- | -{Тт}- | -{Уу}- | -{Ұұ}- | -{Үү}- | |||||||
-{Фф}- | -{Хх}- | -{Һһ}- | -{Цц}- | -{Чч}- | -{Шш}- | -{Щщ}- | |||||||
-{Ъъ}- | -{Ыы}- | -{Іі}- | -{Ьь}- | -{Ээ}- | -{Юю}- | -{Яя}- |