Aston Martin
From Wikipedia, the free encyclopedia
Aston Martin Limited - бұл британдық беделді спорттық автокөліктер өндірушісі. Ол 1913 жылы Лайонел Мартин және Роберт Бэмфордпен құрылды. Компанияның атауы негізін Астон-Клитон төбесінен алған, осы төбеде Лионель Мартин 1913 жылы Singer-10 жарысында жеңіске жеткен. 1947 жылы Дэвид Браун басқаруында, ол қымбат беделді машиналармен 1950-ші және 1960-шы жылдардан, және ойдан шығарылған кейіпкер Джеймс Бондтың DB5 моделін фильмінде 1964 жылы "Голдфингер" фильмінде пайдаланғаннан кейн байланыстырыла бастады. Спорттық автомобильдер Британдық мәдени иконасы болып саналады.[6] Астон Мартин 1982 жылдан патшалық ұлы мәртебелі ханзада Уэльстікке арналған автомобильдердің өнім беруші ретінде патшалық ордерді атқарды.[7]
Aston Martin Ltd. | |
Түрі |
Жекеменшік шектелген компания |
---|---|
Компанияның ұраны |
Қуат, сәнділік және қайрат(Power, Beauty & Soul) |
Құрылды | |
Орналасуы |
Ұлыбритания, Гейдон, Уорикшир |
Басты адамдары | |
Саласы |
Автомобиль өндірісі |
Өнімі |
автокөліктер, спорт автокөліктері |
Айналым |
£593.5 миллион (2016)[4] |
Операциялық кірісі |
£16 миллион (2016) [4] |
Таза табыс |
£7.6 миллион (2010) |
Қызметкерлер саны |
1,850[5] |
Бөлімшелер |
|
Сайты |
Штаб-пәтері және негізгі өндірісі Гейдонде, Уорикшир, Англия, сол жерде бұрынғы RAF V Bomber авиабазасында орналасқан. Астон Мартин соңғы автомобильдерінің бірі 1950-жылдардың Вулкан Бомбер құрметіне аталды.[8] Астон Мартин жылдам катер, су асты қайықтар және жылжымайтын мүлікті белсенді дамытады.[9][10][11] Компания атауы осы көлікті қалаушылардың бірі Лайонел Мартин 1913 жылы Singer-10 көлігінде Астон-Клинтон төбесінде жеңіске жеткен. 1994 жылдан Premier Automotive Group тобының мүшесі болған - Ford басқармаларының бірі, Бірақ 2006 жылы Ford Aston Martin компаниясын сатуға бел буған. 2007 жылы Ford Aston Martin көлігіне қатты қызыққан Prodrive компаниясының басшысы Дэвид Ричардсқа Aston Martin компаниясын сатты. Келісім қаржысы $925 миллион болды.
Компания көптеген көлік түрлерін қолдан жасап шығарғаны үшін танымал. Барлық Aston Martin көліктерінде осы көлікті жасап шығарған адамның аты шеткі есігінде жазылған.