I Осман
From Wikipedia, the free encyclopedia
I Осман (осман. عثمان اول — Oŝmân-ı evvel; 1258 – 1 тамыз 1326) — Осман империясының 1-ші ұлыбейі және негізін қалаушысы[1], қолбасшы.
I Осман осман. عثمان اول — Oŝmân-ı evvel | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
27 шілде 1299 — 1 тамыз 1326 | |||
(Лақап аты Қара I Осман) | |||
Ізашары | Лауазым пайда болды | ||
Ізбасары | Орхан бей | ||
| |||
1281 — 27 шілде 1299 | |||
Ізашары | Ертұғрыл бей | ||
Ізбасары | Лауазым ыдыратылды | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 1258 Сөгүт, Салжұқ империясы | ||
Қайтыс болуы | 1 тамыз 1326 (68 жас) Бұрса, Осман бейлигі | ||
Жерленді | Бұрсада | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | Ертұғрыл бей | ||
Анасы | Халиме қатын | ||
Жұбайы | Малхун қатын Рабиға Бала қатын | ||
Балалары | Ұлдары: Алаеддин паша Орхан Пазарлы бей Шопан бей Хамит бей Мәлік бей Саужы бей Қыздары: Фатима хатун Хан хатун | ||
I Осман Ортаққорда | |||
өңдеу |
I Осман 1281 жылы қайтыс болған әкесі Ертұғрыл бейден Кіші Азиядағы түрік ордаларын мұраланады. Кейін 1299 жылы I Осман осы ордаларды біріктіріп, Османлы бейлігін құрды. Жаңа мемлекеттің әр азаматы өз билеушілерінің есімімен "османлылар" деп аталып кетті. Келешекте бұл ел өз заманының ең қуатты еліне айналды.
Алдымен I Османның немересі I Мұрат өзін сұлтан етіп жариялайды. Ал II Мехмет Константинопольді жаулап алып, осы елді империяға айналдырды. I Сәлім Мекке мен Мединені өз қол астына алып, өзін халиф етіп жариялайды. Ал оның баласы I Сүлеймен 46 жыл билеп, елді дамудың шарықтау шыңына дейін жеткізді. Осылайша I Осман әлем тарихындағы ең ұлы мемлекеттердің бірі Османлы мемлекетінің негізін қалаушысы болды, және адамзат тарихындағы ең ұлы әулеттерінің бірі Османлы әулетінің арғы атасы болды.