From Wikipedia, the free encyclopedia
«Жұлдызды жол» (ағылш. Star Trek) — танымал ғылыми фантастикалық медиафраншиза. Алты телевизиялық сериалдан, 12 толықметражды фильмнен, жүздеген кітаптар мен әңгімелер желісінен, компьютерлік ойындардан тұрады.[1] Киноэпопея желісі бойынша көптеген фан-арт жасалған.[1]"Жұлдызды жол" америкалық бұқаралық мәдениетке үлкен әсер етті және жаңа субмәдениет тудырды.[1]
Жұлдызды жол Star Trek | |
Жанры | ғылыми фантастика |
---|---|
Идея авторы | Джин Родденберри |
Мемлекет | |
Тілі | ағылшын |
Таратылым кезеңі | — жүріп жатыр |
өңдеу |
1966 жылы 8 қыркүйекте шыққан "Жұлдызды жол" және "Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериалар" идеяларының авторы Джин Родденберри. Қазіргі уақытта франшиза CBS және Paramount иелігінде. Ең бірінші сериалар, кейін "Түпнұсқалық сериалар" деп аталған, 1966 жылы NBC-де басталып, үш маусымға созылды. Оқиға желісінде Джейс Т.Кирк және Энтерпрайз кемесі экипажының бастан кешкені баяндалады. Жұлдыздар арасында ұшатын зерттеу кемесі "Ғаламшарлардың Біріккен Федерациясына" тиесілі.
1964 жылы Джин Родденберри Star Trek аталуы керек ғылыми-фантастикалық сериал идеясын дайындайды. Star Trek-тегі оқиғалардың негізгі желісі Жұлдызды флотта қызмет ететін адамдар мен өзге ғаламшарлықтар аясында өрбиді.
Star Trek негізінде 6 телевизиялық сериал шығарылған: Түпнұсқалық сериалар (The Original Series), Анимациялық сериалар (The Animated Series), Келесі ұрпақ (The Next Generation), Терең космос (Deep Space Nine), Вояджер (Voyager) және Энтерпрайз (Enterprise). Бүкіл сериалдар 726 эпизод, 30 маусымнан тұрады.
Жұлдызды жол: Түпнұсқалық сериалар немесе "TOS" классикалық "Жұлдызды жол" ретінде қарастырылады. Сериал ең алғаш 8 қыркүйек 1966 жылы АҚШ-та NBC арнасында көрсетілді.[2]
Жұлдызды жол: анимациялық сериалдар екі сезоны 1973 және 1974 жылдары көрсетілген. Анимациялық кейіпкерлерді "Түпнұсқалық сериалардағы" актерлер дыбыстаған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.