Қатысушы:Malik Nursultan B
From Wikipedia, the free encyclopedia
Армысыңдар, Уикипедия қолданушылары! Есімім Нұрсұлтан. Мен дүниежүзі тарихына және геосаясатқа қызығамын және осы тақырыптарға байланысты мақала жазып, өңдейтін боламын. Қазақша, орысша және ағылшынша еркін сөйлеймін және неміс тілін оқып жүрмін. Қатысушы және администратор ретінде менің сайттағы басты мақсатым — Уикипедияның дамуына үлес қосу және жалпы Уикимедиа қауымдастығының тұрақты мүшесі болу.
Көбіне жаңа мақала бастап, өңдеме жасап жүрген тақырыптарым:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі (министрліктер, министрлер);
- Посткеңестік кеңістік (Украина, Түрікменстан, т.б.);
- Қазақстан саясаты (партиялар, тұлғалар т.б.).
Дәл қазір мен қазақтілді және түркітілді қатысушы топтарының және Орталық және Шығыс Еуропа уикимедиашыларының жастар тобының мүшесімін және Қазақша Уикипедия администраторларының бірімін.