Аватар (фильм, 2009)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
«Аватар» (ағылш. Avatar, ХФӘ: [ˈæv.ə.tɑɹ]) — 2009 жылы АҚШ-та түсірілген ғылыми-фантастикалық фильм. Сценарий авторы мен режиссері Джеймс Кэмерон, басты ролдерді орындаған Сэм Уортингтон және Зои Салдана. Фильм бюджеті 237 000 000 доллар, репрокатта 9 000 000 доллар болды. Түсімі 2 922 917 914 $. Фильм 12 жыл бойы "Титаник" жасаған рекордты жаңартты. Прокатқа шыққаннан бар болғаны 41 күннен кейін ең табысты фильм атанды. Фильм 19 күнде - 1 млрд. $,33 күнде - 1,5 млрд. $, 47 күнде - 2 млрд. $, 76 күнде - 2,5 млрд. $ табыс тапты.

Remove ads
Сюжет
Фильмнің сюжеттік желісі бойынша 2154 жылы адамзат Унобтаний (анобтаниум) атты құнды минералды алу үшін Альфа Центавра жұлдыз жүйесіндегі Полифем газды планетасының Пандора атты серігіне Жер шарының адамдары сапар шегіп барады[1][2]. Пандора жергілікті тұрғындары үшін бұл әрекет өміріне қауіп келтіреді. Джейк есімді басты рөлдегі, бұрынғы жауынгер Аватардың кейіпінде Пандора планетасында жергілікті тұрғындардың қоластында қалып, сол жақта салт дәстүрлерін үйренеді.
Аватар деген сөз гендік инженерияның нәтижесі - адамдар мен на’ви гибридтерінің атауы. Бұл гибридтер арнайы Пандора серігінің тұрғындарымен қарым-қатынас құру үшін жасалған.
Remove ads
Рөлдерде
Сиквел
Фильмді жалғастыратын тағы екі сиквел шығады деп жоспарланды, кейін оны төрт фильмге дейін ұзартты. Аватар 2 мен Аватар 3 түсірілімі 2017 жылдың қыркүйегінде Жаңа Зеландияда басталды. Аватар 2 (2022) басқа бірқатар тілдермен қатар қазақ тілінде де жарық көреді.
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads