Аустралия доллары

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Аустралия доллары (таңбасы: $; коды: AUD) — Аустралия Одағының валютасы, сонымен қатар Кристмас, Кокос және Норфолк аралдарында және Кирибати, Науру және Тувалу тәуелсіз тынық мұхит мемлекттерінде қолданылады. 100 центке бөлінеді. Әдетте доллар таңбасымен ($) қысқартылады, бірақ басқа да белгілеу нұсқалары бар: A$, $A, AU$ и $AU.

Quick facts Аустралия доллары ...

1988 жылдан бастап банкноталарды шығару үшін қағаз емес, арнайы жіңішке пластик қолданылады.

Remove ads

Тарихы

Аустралия доллары, ондық валюта болғаннан кейін, Аустралия фунтын алмастыра отырып, анайналымға 1966 жылдың 14 ақпанында енгізілді.[1]

Жаңа ұлттық валютаны енгізуді Аустралияның резервтік банкі 1960 жылы бастамашылық етті. Ұзақ уақыт бойы елде жаңа ақша белгісінің макеттерін әзірлеу және дайындық жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт ішінде валютаның аталуы бойынша мыңнан астам ұсыныс жасалды. 1965 жылы Аустралия премьер-министрі Роберт Мензис «the royal» деген атауын ұсынды. Бірақ бұл ұсыныс халық арасында қолдау алмады, сондықтан валюта доллар деп аталды.[1] Трейдерлер жаргонында Аустралия доллары «оззи» (ағылш. aussie - аустралиялық) деп аталады.[2]

1988 жылы алғашқы платикалық банкнота шығарылды.[3]

Remove ads

Құндылығы

Аустралия доллары әлемдегі ең сатылатын валюталар арасында бесінші орында (АҚШ долларынан, Еуродан, Жапон иенінен, Фунт стерлингтен кейін), әлемдік валюталық операциялардын 5 % алып тұр. Сатушылар арасындағы валютаның сұранысы Аустралиядағы жоғары пайыз мөлшерлемесімен, валюта нарығына үкіметтің араласуынан біркелкі еріктілігі, Аустралия экономикасының және саяси жүйесінің жалпы тұрақтылығымен түсіндіріледі.

More information #, Валюта ...
Remove ads

Мәнеттер

1966 жылы құны 1, 2, 5, 10, 20 және 50 центті мәнеттер айналымға енгізілді. Бір долларды мәнет 1984 жылы шығарылды, ал екі долларды мәнет — 1988 жылы.[6] Құны 1 және 2 центті мәнеттер айналымға 1991 жылы, 1 долларлы банкнота 1984 жылы, ал 2 долларлы - 1988 жылы енгізілді.

Барлық мәнет тәріздес Аустралия долларларында аверсте II Елизаветаның суреті бейнеленген және Австралия корольдік ақша сарайымен (ағылш. Royal Australian Mint) шығарылады.

Аустралия үнемі құны 50 центті естелік мәнеттерді шығарады. Алғашқысы 1970 жылы Джеймс Куктың Аустралия құрлығының шығыс жағалауын зерттеуі үшін еске алу құрметіне арналып шығарылды. Кейін, мәнеттер 1977 жылы II Елизаветаның күміс мерей тойына, 1981 жылы Чарльз ханзадасының және Диана ханшайымның үйлену тойына, 1982 жылы Брисбенде өткен Достастық ойындарының құрметіне және т.б. оқиғаларға арналып шығарлыды.

More information Аустралия мәнеттері [1] Мұрағатталған 7 қазанның 2001 жылы., Сурет ...
Remove ads

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads