Никель

Атомдық нөмірі 28 химиялық элемент From Wikipedia, the free encyclopedia

Никель
Remove ads

Никель (лат. Nіccolum; ) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, атомдық нейтроны 28, атомдық массасы 58,70. Күмістей ақ, иілгіш, созылғыш металл. Тығыздығы 8,90 г/см³, балқу t 1400 °C, қайнау t 2900 °C, кристалдық торы куб тәрізді, қырлары орталықтандырылған. Табиғатта 5 тұрақты изотопы бар. Никель атауы 17 ғасырда кеншілерді мыс кентастарына ұқсастығымен шатастырған купферникель (NіAs) минералымен байланысты.

Quick facts Жай заттың сыртқы бейнесі, Атом қасиеті ...
Thumb
Никель

Алғаш 1751 ж. швед химигі А.Кронстедт (1722 – 1765), ал таза металл күйінде 1804 ж. неміс химигі И.Рихтер (1824 – 1898) алған. Негізгі минералдары пентландит, никелин, тағы басқа Тотығу дәрежелері +2, сирек жағдайларда +3, +4. 500 °С-тан жоғары температурада тотығып, ұсақ дисперсті күйінде ауада өздігінен тұтанады (маңызды оксиді NіO-бунзенит минералы), қатты қыздырғанда галогендермен (NіHal2), күкіртпен (Nі3S2), фосформен (Nі3P2), тағы басқа әрекеттеседі. Никель азотпен (1455 °С-қа дейін), сілтімен мүлде әрекеттеспейді.

Сұйытылған тұз және күкірт қышқылдарында баяу еріп, сутек бөледі және ІІ валентті тұздарын түзеді. Олар суда жақсы ериді, гидролизі қышқылдық орта көрсетеді. Азот қышқылымен жылдам әрекеттесіп, концентрліде баяулайды. Өте ұсақталған Никельге CO-мен әсер етсе, тетракарбонил Nі(CO)4 түзіледі. Никельді электрпештерде NіO тотықсыздандыру, Nі(CO)4-ті термиялық жолмен ыдырату, NіCl2 немесе NіSO4 ерітінділерін электролиздеу және қысым қатысында аммиакты ерітінділерін H2-мен тотықсыздандыру арқылы алады.

Көп мөлшері Fe, Cu, Cr, т.б. металдармен магниттілігі, коррозия мен ыстыққа төзімділігі жөнінен ерекшеленетін құймалар алуға (мыс., хромникель құймасы атом реакторында қолданылады), арнайы химиялық қондырғылар жасауда, көптеген химиялық процестерде катализатор, қорғағыш материал ретінде қолданылады.[1]

Remove ads

Никельдің қолданылуы

Никель қоспалар алуда, газ турбиналары мен реактивті қозғалтқыштар өндірісінде, СД плейерлер, қалта диктофондар, бейнекамералар, телефондар мен ноутбук сияқты тұрмыстық техниканың бірнеше түрлерінде қолданылатын батареяларда пайдаланылады. Кобальт гальван жабындарда қолданылады. Оны ауыр машина жасау мен ірі химиялық реакциялар жүретін үлкен контейнерлер өндірісінде пайдаланады. Сондай-ақ оны тиынның кейбір түрлерін жасауда да қолданады.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads