Александр Георгиевич Савченко

From Wikipedia, the free encyclopedia

Александр Георгиевич Савченко
Remove ads

Александр Георгиевич Савченко (30.3.1951 жылы туған, Тараз қаласы) – қоғам қайраткері.

Thumb
Александр Георгиевич Савченко
Thumb
Жамбыл облысы.

[1]

Өмірбаяны

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын (1977), Алматы саясаттану және басқару институтын (1991) бітірген. 1971 – 81 жылы «Жамбыл былғары аяқ киім» бірлестігінде слесарь, 1981 – 85 жылы Жамбыл қаласы Орталық ауданы партия комитетінде нұсқаушы, 1985 – 89 жылы ауданы халықтық бақылау комитетінің төрағасы, 1989 – 91 жылы Жамбыл қаласы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1991 – 92 жылы қалалық жоспарлау комиссиясының төрағасы, облыстық атқару комитетінің бас маманы, 1992 – 94 жылы облыстық әкімшілікте бөлім меңгерушісі, 1994 – 95 жылы «Коммунмаш» АҚ президенті, 1995 – 97 жылы Жамбыл қаласының әкімінің орынбасары, облысы әкімінің орынбасары, 1997 жылы наурыздан облысы әкімінің 1-орынбасары.

«Құрмет» орденімен (2003); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Төтенше жағдайды алдын алу және жоюда үздік шыққан үшін» медальдарымен марапатталған.

Әскери атағы - запастағы полковник.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Хоббиі - балық аулау.

Үйленген. Жұбайы - Савченко Валентина Николаевна (1950 жылы туған), зейнеткер. Қызы - Сарафинова Светлана (1969 жылы туған); ұлы - Савченко Владимир (1976 жылы туған).[2]

Remove ads

Сілтемелер

  • Қайраткер
  • Төраға

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads