Тараз
Қазақстанның оңтүстігіндегі қала, Жамбыл облысының орталығы From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тараз — Қазақстандағы қала, Жамбыл облысының әкімшілік орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936–1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937–1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылғы 8 қаңтарда тарихи атауы — Тараз атауы қайтарылды.
Remove ads
Тарихы
Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жыл бастап қалаға тарихи атауы қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. XIX ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болды да, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, облыс әкімшілік орталығы болғанын жалғастыра берді.
Тараз қаласында Айша Бибі, Бабажы-қатын, Қарахан, Тектұрмас кесенелері, Нәметбай мешіті және орта ғасырлық монша орналасқан. Қалаға көп деген өзіміздің және шетел туристері осы кесенелерді көруге асығады.
Remove ads
Географиясы
Халық саны
Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы[3]).
Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзербайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар.
Тараз қаласы халқының әр жылдардағы саны:[4]
1897 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 | 2004 | 2005 | 2006 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
11 722 | 113 346 | 187 164 | 263 793 | 306 715 | 312 300 | 330 125 | 327 911 | 332 204 | 336 057 |
Remove ads
Әкімшілік бөлінісі
Тараз қаласы 26 шағын ауданнан тұрады:[7] Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б.
Тараз басшыларының тізімі
- Жамбыл (Тараз) қалалық партия комитетінің бірінші хатшылары
- Федотов А. П. (қаңтар 1939 — наурыз 1940)
- Әбділдин А. (сәуір 1940 — наурыз 1941)
- Царев А. А. (сәуір 1941 — наурыз 1943)
- Санников А. М. (сәуір 1943 — маусым 1946)
- Федотов А. П. (қаңтар 1947 — мамыр 1951)
- Прохоров Н. И. (маусым 1951 — наурыз 1955)
- Кондратьев С. И. (қыркүйек 1955 — сәуір 1963)
- Бобир Н. М. (мамыр 1963 — мамыр 1972)
- Коротков В. Г. (маусым 1972 — сәуір 1975)
- Банников В. Г. (сәуір 1975 — қазан 1983)
- Додонов Ю. Е. (қазан 1983 — ақпан 1987)
- Макаров С. Н. (наурыз 1987 — наурыз 1990)
- Ахметова Л. А. (сәуір 1991 — тамыз 1991)
- Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағалары
- Бученко П. В. (тамыз 1939 — қаңтар 1940)
- Глухов В. Ф. (қаңтар 1940 — қыркүйек 1940)
- Синицин В. В. (қыркүйек 1940 — қыркүйек 1941)
- Бученко П. В. (мамыр 1942 — наурыз 1943)
- Бармашев К. А. (наурыз 1943 — тамыз 1946)
- Бабинцев Ф. А. (тамыз 1946 — наурыз 1950)
- Галямин А. И. (наурыз 1950 — қаңтар 1952)
- Ескелдиев С. (сәуір1952 — қазан 1952)
- Құсайынов Т. (қазан 1952 — наурыз 1957)
- Комратов А. (наурыз 1957 — қаңтар 1965)
- Әбсеметов А. А. (қаңтар 1965 — желтоқсан 1969)
- Төребеков Т. (наурыз 1970 — маусым 1983)
- Шарафутдинов Щ. К. (маусым 1983 — мамыр 1987)
- Сүлейменов К. К. (мамыр 1987 — қазан 1990)
- Темірбеков Т. (қазан 1990 — ақпан 1992)
- Тараз қаласының әкімдері
- Алдияр Әлиасқарұлы Түсіпов (ақпан 1992 — қазан 1995)
- Болат Әбжаппарұлы Жылқышиев (қазан 1995 — қаңтар 1998)
- Сейіт Қайроллаұлы Сартбаев (қаңтар 1998 — ақпан 1999)
- Болат Оспанұлы Сауранбаев (ақпан 1999 — сәуір 2005)
- Ілияс Әлімұлы Тортаев (2005 — 2009)
- Ертарғын Кәкімбекұлы Астаев (8 желтоқсан 2009 — қазан 2010)
- Бекболат Серікбекұлы Орынбеков (қазан 2010 — 31 желтоқсан 2013)
- Нұржан Сәбитұлы Календеров (31 желтоқсан 2013 — 2 наурыз 2017)
- Рүстем Рысбайұлы Дәулет (2 наурыз 2017 — 23 сәуір 2018)
- Ғалымжан Райлұлы Әбдірайымов (23 сәуір 2018 — 12 сәуір 2019)
- Қайрат Әскербекұлы Досаев (24 сәуір 2019 — 22 қараша 2019)
- Айтқазы Даулетқұлұлы Қарабалаев (3 желтоқсан 2019 — 19 наурыз 2021)
- Ержан Жұматұлы Жылқыбаев (19 наурыз 2021 — 5 тамыз 2022)
- Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков (5 қыркүйек 2022 жылдан бастап)
Remove ads
Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Бедердің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде дөңмаңдай, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
- мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
- жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
- жалпы алаңы 1 миллион га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
Remove ads
Өндірісі
Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.[8]
Бұқаралық ақпарат құралдары
- Жамбыл-Тараз — 1996 жылдан бері апта сайын шығатын саяси-қоғамдық газет.
- Магнолия — 1995 жылдан бері апта сайын шығатын облыстық газет.
- Новый регион — 1999 жылдан бері апта сайын шығатын ақпараттық-жарнамалық облыстық газет.
- Знамя труда — 1919 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
- «Қазақстан-Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы.
- «77 TV» телеарнасы.
- «Эк-Спорт» (экономика-спорт)
Суреттері
-
Қаланың панорамасы
-
«Һибатулла Тарази» атындағы Тараз қаласының орталық мешіті
-
Көне Тараз демалыс орталығы
-
Туған жерім-Қазақстан!
Бауырлас қалалар
Дереккөздер
Тараз қаласының сайттары
Тағы қараңыз
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads