Аллигаторлар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Аллигаторлар
Remove ads

Аллигаторлар (лат. Alligatoridae) — қолтырауын отрядының үш тұқымдасының бірі. Аллигаторлар төрт туыс, 7 түрге бөлінеді. Оның үшеуін (Caiman, Melanosuchus және Paleosuchus) каймандар деп атайды. Денесінің ұзындығы 1,5-6,3 м, салмағы 85 кг-ға дейін жетеді. Тұмсығы жалпақтау, әрі қысқа, алдыңғы аяқтарының саусақтары арасында терілі жүзу жарғағы болады. Аналықтары 20-60 жұмыртқасын арнайы жасалған ұяға салады. Аталықтары өздері тіршілік ететін жерлерді қорғайды, ұрпақтарына қамқорлық жасайды. 85 жылдай өмір сүреді. Ересектері балықтармен, бақалармен т.б. омыртқалы жануарлармен, балалары ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Аллигаторлар Солтүстік, Оңтүстік Американың, Қытайдың тұщы су айдындарында тіршілік етеді. АҚШ-та, Кубада Миссисипи (американ) аллигаторын арнайы фермаларда қолдан өсіреді. Қытай аллигаторы Янцзы өзенінің төменгі сағасында таралған. Аллигаторлар бағалы терісі үшін ауланады. Санының күрт азаюына орай, қатаң қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағыныңҚызыл кітабына” енгізілген.[1][2]

Quick facts Аллигаторлар Қазбалық ауқымы: Cretaceous - Recent, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads