Хромтау ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Хромтау ауданы — Ақтөбе облысының солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1935 жылы құрылған. Жер аумағы 12 900 км². Орталығы – Хромтау қаласы.
Remove ads
Географиялық орны
Хромтау ауданы солтүстік-батысында Қарғалы ауданымен, батысында Ақтөбе қаласымен, оңтүстігінде Мұғалжар, Алға, шығысында Әйтеке би аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі. Аудан жері Мұғалжар тауының қырқалы-төбелі солтүстік-батыс бөлігін қамтиды. Батысы мен орталық тұсы көтеріңкі дөңес келген. Ең биік жері 487 м. Шығысы мен оңтүстік-шығысы сай-жыралармен тілімделген жазық. Бұл жағы Торғай үстіртінің біраз бөлігін алып жатыр. Аласа келген Никельтау (432 м), Бақай (436 м), Шұқыртау (462 м), Бәйментау (456 м), Әулиемола (320 м), т.б. таулары бар. Жер қойнауынан хромит, никель, мыс, мырыш, тас көмір, құрылыс материалдары барланған.
Remove ads
Климаты
Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық, ызғарлы, жазы жылы әрі қуаң. Қаңтар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы –16 — 18°С, шілдеде 21 — 23°С. Қыс айларында температура кейде –44°С-қа дейін төмендейді, ал жаз айларында 42 °C-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 миллиметр. Аудан жерімен Жақсы Қарғалы, Ор, Қызылқайың, Ойсылқара, Ақтасты, Дүбір, Сармырза, Қарабұтақ, Тамды, т.б. өзендер ағады. Ор, Жақсы Қарғалы өзендерінде шағын бөгендер салынған. Өзендері түгелдей дерлік Жайық және Елек өзендерінің саласы саналады.
Remove ads
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Аудан жерінің топырағы негізінен құрғақ дала белдеміне тән сұр, сортаңды сұр (оңтүстік.-батысы мен оңтүстік-нде) қоңыр, бозғылт қоңыр (кейде қызғылт қоңыр) топырақ болып келеді. Өзен аңғарларында шалғынды сұр, шалғынды қоңыр топырақ қалыптасқан. Өсімдік жамылғысын боз, бетеге, жусан, ши, тал, су айдындары бойын қамыс, құрақ құрайды. Жануарлар дүниесінде қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ, аламан, т.б. дала ландшафтысына тән аң-құстар мекендейді. Хромтау ауданында халық біркелкі қоныстанған.
Халқы
Тұрғындар саны 42951 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (79,00%), орыстар (12,76%), украиндар (3,82%), немістер (1,27%), татарлар (0,82%), басқалары (2,32%). Халықтың 1км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 3,32 адам.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 28 елді мекен 1 қалалық, 1 ауылдық әкімдік пен 13 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Ірі елді мекендері
Шаруашылығы
Ауданда 1995 жылға дейін астық өндіруге, биязы жүнді қой және етті-сүтті мал, жылқы, көкөніс, картоп өсіруге маманданған 5 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі нарықтық экономикаға өтуге байланысты жекешелендіріп, 3 АҚ, 7 ӨК, 96 ЖШС және 1200-ден астам шаруа қожалықтары құрылды. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 346,8 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 124,5 мың га, шабындығы 2,7 мың га, жайылымы 219,3 мың гектар. Мал шаруашылығында 35,1 мың қой мен ешкі, 2,0 мың жылқы, 5 мың түйе болды (2006). Аудан өнеркәсібінің негізін хромит кені негізінде жұмыс істейтін “Дөң кен байыту комбинаты” құрайды. Одан басқа бірнеше ірі кәсіпорындар (“Керамика”, “Рахат-21” АҚ-дары, “Сауда орталығы”, “Әділ” ЖШС-тері, т.б.) жұмыс істейді. Соңғы жылдары құрылыс саласындағы кәсіпорындар (қыш, кірпіш, әйнек, темір-бетон з-ттары, т.б.) іске қосылды.
Remove ads
Инфрақұрылымы
Әлеуметтік-мәдени салада жалпы білім беретін 38 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, кеншілер мәдениет үйі, мешіт, стадион, 32 мәдениет мекемесі, ауданы. мекемелер, аурухана, 29 фельдшафт-акушерлік пункт, “Мұғалжар” демалыс базасы, 5 тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштері бар. Аудан жерімен республикалық маңызы бар Атырау — Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж., Орал — Ақтөбе — Хромтау — Қостанай автомобил жолы өтеді.[6]

Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads