Аманат (партия)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

«Amanat» партиясы (2022 жылға дейін «Nur Otan») — Қазақстанның билік етуші әрі ең ірі президентшіл саяси партиясы. Партияның төрағасы — Ерлан Қошанов.

Quick facts Басшысы, Атқарушы хатшысы ...

Партия 1999 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы деген атпен құрылған.

Парламент сайлауына 1999 жылдан бері қатысып келеді. 2023 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде жалпы дауыс санының 53,9%-ын жинап, жалпы 98 ішінен 62 мандатқа ие болды.

Remove ads

Аталуы

Партияның ресми атауы:

  • «Отан» Республикалық саяси партиясы (1999—2006)
  • «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы (2006—2013)
  • «Нұр Отан» партиясы (2013—2019)
  • «Nur Otan» партиясы (2019—2022)
  • «AMANAT» партиясы (2022 жылдан бастап)

2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен тыс X съезінде «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды. Атаудағы "Нұр" - сол уақыттағы Қазақстан президентіне - Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме.

2022 жылы 1 наурызда "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезінде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов партияның атын "Аманат" деп атау туралы ұсыныс жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдады.[2]

Remove ads

Тарихы

1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді.

1999 жылғы 19 қаңтарда жиналыс өтіп, Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.

Партия мұрағатында Республикалық «Отан» саяси партиясының мүшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылдың 22 ақпанымен белгіленген есеп кітапшасы мұқият сақтаулы.

1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай сьезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге сьезд делегаттары маңыздылығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстанның халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады.

2002 жылғы 9 қарашада Алматы қаласында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСП-на Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-сьезде Азаматтық және Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды.

Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды.

2008 жылғы 17 қаңтарда Елбасы – Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партияның халықтық платфомасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды.

2008 жылғы 14 мамырда «Жас Отан» жастар қанатының І сьезі өтті.

2009 жылғы 9 қаңтарда Партия Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.

2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Сол күні партияның жаңа Доктринасы қабылданды.

2022 жылғы 1 наурыздағы кезектен тыс XXII Съезде президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияның атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынады. Сол жылдың 26 сәуірінде партияның кезектен тыс XXIII съезінде Президент партиядан шығып, төрағалық Ерлан Қошановқа берілді және «Адал» партиясы «Аманат» партиясына қосылды.

Remove ads

Съездер

More information Съезі, Күні ...
Remove ads

Партияны басқару жүйесі

Жоғары басшы органдар:

  • Партия съезі
  • Партия филиалының конференциясы
  • Бастауыш партия ұйымының жиналысы

Жоғары өкілді органдар:

  • Партия Саяси кеңесі
  • Партия филиалының Саяси кеңесі

Басшы органдар:

  • Партия Саяси кеңесінің Бюросы
  • Партия филиалы Саяси кеңесінің Бюросы

Бақылау-тексеру және бақылау органдары:

  • Партияның Орталық бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партия филиалының Бақылау-тексеру комиссиясы
  • Партиялық бақылау комитеті
  • Партиялық бақылау комитетінің аймақтық және аумақтық комиссиялары

Атқарушы органдар:

  • Партия орталық аппараты
  • Партия филиалының аппараты
  • Бастауыш партия ұйымының Бюросы, ол болмаса Төрағасы[3]

Партия жанындағы ұйымдар:

  • «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі
  • «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі
  • «АMANAT» партиясының саяси менеджмент Академиясы» жеке меншік мекемесі
  • «AMANAT» партиясының Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • «AMANAT MEDIA GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Remove ads

Басшылығы

Thumb
Астанадағы «Аманат» партиясы штабтарының бірі

Партия төрағалары

More information №, Суреті ...

Партияның атқарушы хатшылары

More information №, Суреті ...
Remove ads

Партия Саяси кеңесі Бюросының мүшелері

More information №, Суреті ...
Remove ads

Сайлау

Президент

Парламент

Сын

Қазақстан оппозициясы «Nur Otan» партиясын Назарбаевтың тұлғасын тым әсірелеп насихаттаушы псевдодемократиялық және тоталитарлық немесе авторитарлық партия деп санайды. ЕҚЫҰ секілді халықаралық ұйымдар әкімшілік ресурстарды пайдалануын және сайлауларды бұрмалауларын айыптайды.[4] Партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің суды үнемдеу туралы бастамасы теріс пікірге ие болды және соған қатысты әлеуметтік желілерде көптеген демотиватор суреттер жарияланды.[5] «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының жаңа ғимаратының құрылысына мұғалімдерден ақша жинау бастамасы көптеген дау-дамай туғызды.[6]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads