Анатолий Константинович Котов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Анатолий Константинович Котов (15.7.1955 жылы туған, Мәскеу қаласы) – заң ғылымының докторы (1994), профессор (1999). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң Қазақ КСР-і Заң министрлігінде аға кеңесші, Ішкі істер бөлімінде, Қазақстан ҒА-ның Мемлекет және заң институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1988–1994), Қазақ мемлекеттік заң институтында ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры (1994–1995) болды.
- 1996 жылдан ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып жұмыс істейді. «Государственный суверенитет Республики Казахстан: политико-правовый анализ становления и проблемы национально-государственного развития» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Котов 90-нан астам ғылыми жарияланымның авторы. ҚР Парламентінің сенаторы (1995) болды.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads