Архозаврлар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Архозаврлар
Remove ads

Архозаврлар (лат. Archosauria, грек. archos – алғашқы, көне, sauros – кесіртке) – мезозой эрасында құрлықта тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылар тобы. Олар текодонттар, қолтырауындар, динозаврлар, птерозаврлар болып бөлінеді. Қазақстанда Архозаврлардың сүйектері Оңт. Қазақстан, Қызылорда облыстарындағы мезозой шөгінді қабаттарынан табылған. Ғалымдардың пікірінше, Архозаврлар пермь кезеңінде тіршілік еткен эозухий деген кішкене кесірткеден пайда болған. Қолтырауындардан басқа тұқымдары мезозойдың соңында құрып кеткен. Архозаврлардың көпшілігінің денесі қатты тері қабаттармен жабылған. Құстардың арғы тегі Архозаврлардан жаралған деген тұжырым да бар. Омыртқалы жануарлардың даму тарихын зерттеп білуде Архозаврлардың маңызы зор.[1]

Quick facts Ғылыми топтастыруы, Топтары ...
Remove ads

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads