Асқар Оразалыұлы Шәкіров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Асқар Оразалыұлы Шәкіров (2 ақпан 1956, Қарағанды) — қазақстандық ірі мемлекеттік қайраткер, дипломат, депутат, адам құқықтары жөніндегі уәкіл (2007—2019), Парламент Сенаты төрағасының орынбасары (2019—2023).
Remove ads
Өмірбаяны
1956 жылы 2 ақпанда Қарағандыда дүниеге келді.
1978 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтын “шығыстанушы-тарихшы” мамандығы бойынша тәмамдады. 1985 жылы заң ғылымдарының кандидаты атанды.
1978 ж. - ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
1978-81 жж. - КСРО ІІМ Академиясының Басқару проблемаларын зерттеу ғылыми орталығында жұмыс істеді.
1981-84 жж. - КСРО ІІМ Академиясының адъюнктурасында оқудан өтті.[1]
1984-87 жж. - КСРО ІІМ Академиясының инспекторы, аға инспекторы, ғылыми қызметкері.
1987 ж. - КСРО ІІМ Орталық аппараты сыртқы байланыстар бөлімінің референті.
1989 ж. - КСРО ІІМ Бүкілодақтық ҒЗИ қазақ бөлімінің бастығы.
1992 ж. - ҚР СІМ бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы.
1995-96 жж. - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы уақытша сенімді өкілі.
1996 ж. - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
1996 ж. - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.
1998 ж. - Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі.
2004 ж. - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары.
2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.[2]
Үйленген, 2 ұлы бар.
Әкесі Оразалы Шәкіров (1930—2002) ҚазКСР еңбек сіңірген кеншісі, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads







