Ольга Валентиновна Перепечина

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Ольга Валентиновна Перепечина (23 тамыз 1957, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, қаржыгер және экономист. 2014 жылдан бері қызметтегі Парламент Сенатының депутаты. 2022 жылдан бері қызметтегі Парламент Сенаты төрағасының орынбасары.

Quick facts Лауазымы, 27 қаңтар 2022 жылдан бастап ...
Remove ads

Өмірбаяны

Қорған ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1989), ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист.[1]

1989 жылдан - «Новокаменск» кеңшарының еңбек және еңбекақы жөніндөгі экономисі, бас экономисі (Солтүстік Қазақстан облысы Бешкөл ауданы Новокаменка кеңшары).[1]

1996 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі м.а., меңгерушісі.[1]

1997 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Бескөл ауылы).[1]

1999 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық қаржы басқармасының бастығы.[1]

2002 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы.[1]

2011 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті бастығының орынбасары, бастығы.[2]

2014 жылдан бері - Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.[3]

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; Солтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің құрмет грамотасымен (2003) марапатталған.[1]

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Перепечин Юрий Леонидович (1965 жылы туған). Қыздары - Перепечина Ирина Юрьевна (1990 жылы туған), Перепечина Анастасия Юрьевна (2000 жылы туған).[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads