Ахемен әулеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті Ахеменидтер құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.
Remove ads
Кеңеюі мен құлдырауы
Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — I Кир, I Камбиз, II Кир Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан II Кир Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы II Камбизбен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы I Дарийден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап Персия мен Аншананы биледі), Камбиз (530 — 522), I Дарий (522 — 486), I Ксеркс (486 — 465), I Артаксеркс (465 — 424), II Ксеркс (424), Согдиан (424 — 423), II Дарий (423 — 404), II Артаксеркс (404 — 358), III Артаксеркс (358 — 338), Арсес (338 — 336), III Дарий (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.
Ұлы Кир тұсында Лидия, Маргиана, Вавилон, Соғда, Финикия жаулап алынды. I Дарий тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында Адриатика теңізімен, Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде Оман теңізімен, Парсы шығанағымен, Арабиямен шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен Ахемен мемлекеті біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.[1][2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads