АҚШ Өкілдер палатасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

АҚШ Өкілдер палатасы
Remove ads

Америка Құрама Штаттарының Өкілдер палатасы[1][2] (ағылш. House of Representatives of the United States of America) — АҚШ Конгрессінің төменгі палатасы. Палатаға федералдық заң жобаларын қабылдау жүктеледі; Сенат қабылдағандары президентке қол қоюға немесе вето қоюға жіберіледі. Палатаның атқарушы билік өкілеттіктеріне кірістер туралы барлық заң жобаларына бастамашылық жасау, федералдық лауазымдағыларға импичмент жариялау және Сайлаушылар алқасында бірде-бір кандидат көп дауыс жинамаған жағдайда президентті сайлау кіреді.

Quick facts Мемлекет, Түрі ...

Палатадағы өкілдер саны 435 тең, бұл сан Конституцияда бекітілген және 1963 жылдан бері өзгермеген. Штаттың әр өкілі екі жыл сайын сайланып отырады, қайта сайлану саны шектелмеген. Палатаның көшбасшысы — өкілдер сайлайтын спикері.

Remove ads

Мүшелік

Палатадағы мүшелікке барлық үміткердің жасы 25 жоғары болу керек және олар кеміне 7 жыл АҚШ азаматы болып, өкілі болғысы келген штатта тұру керек.

2014 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша әрбір өкілдің жылдық жалақысы 174,000 АҚШ долларын құрайды,[3] бұл сан Сенаттың әрбір мүшесімен бірдей.[4] Өкілдер палатасының спикері және көпшілік және азшылық көшбасшылары көбірек жалақы алады: спикер үшін $223,500 және партия жетекшілері үшін $193,400 беріледі.[3]

Remove ads

Сайлануы

Өкілдер палатасы әр 2 жыл сайын сайланады. Заң бойынша сайлау кезінде дауыс беруге құқылы 435 және дауыс беруге құқығы жоқ 6 өкіл бірмандаттық округтерден сайланады.

Өкілдердің сайлауы жұп санды жыл сайын бүкіл ел бойынша белгіленген бір сайлау күні өткізіледі — бұл қарашаның бірінші дүйсенбісінен кейінгі бірінші сейсенбі (жылға байланысты бұл күн 2–8 қараша күндеріне сәйкес келеді). Кібісе жылдарда бұл сайлау АҚШ президент сайлауы күнімен тұспа-тұс келеді.

АҚШ құрамындағы әр штат кеміне бір өкілге ие болады, халық саны көп штаттар бірден де көп өкіл сайлайды (мысалы Мэннен 2 өкіл сайланса, Калифорниядан 53 дейін өкіл сайланады).

Remove ads

Соңғы сайлауы

Толық мақаласы: АҚШ Өкілдер палатасының сайлауы (2022)
More information Партиясы, Мүшелері ...

Жалақылары

2010 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша әрбір өкілдің жылдық жалақысы 174 мың доллар (яғни айына 14,5 мың доллар) болып белгіленді.

Америка Құрама Штаттарының Конституциясына енгізілген жиырма жетінші түзетуге сәйкес, Өкілдер палатасының мүшелері мен АҚШ сенаторларының жалақысын өзгертетін заң Өкілдер палатасының келесі сайлауына дейін күшіне енбейді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads