Ақсу ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ақсу ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Жансүгіров ауылы.
Remove ads
Географиялық орны, жер бедері мен су жүйесі
Ақсу ауданы Балқаш–Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр. Солтүстігінде Сарқан ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал ауданымен, оңтүстігінде Ескелді ауданымен және Қытай аумағымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өзенінің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрхан, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш.
Remove ads
Климаты
Климаты қатаң континенттік. Қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. Топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. Тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. Құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі.
Remove ads
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің ауданы 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). Ақсу ауданы аумағында Матай, Молалы, Алажиде темір жол стансалары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолы өтеді.
Халқы
Тұрғындар саны – 39675 (2019).
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 49 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads