Бандар-Сери-Бегаван
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Бандар-Сери-Бегаван (малайша بندر سري بڬاوان, Bandar Seri Begawan ) — Бруней сұлтанатының елордасы және ең ірі қаласы. Бруней-Муара округінің әкімшілік орталығы.
Remove ads
Географиясы
Бандар-Сери-Бегаван Малай архипелагының солтүстігіндегі Калимантан аралында орналасқан. Қаланың оңтүстік шегімен ағып өтетін және кеме жүзетін Бруней өзеннің сол жақ жағалауында орналасқан. Қаланың солтүстік бөлігі Оңтүстік Қытай теңізімен шайылады.
Климаты
Қаладағы климат — экваторлық, ылғалды, жауын-шашын жыл бойы түседі, жылына шамамен 3000 мм. Орташа айлық температура — +26…+28°С.
Remove ads
Тарихы
1970 жылға дейін қала Бруней деп аталған.[2]
Қаланың орналасуы үш рет ауысқан: алғашқы қоныстар Кота-Бату мукимінде орналасқан, кейін — Кампонг-Айерде және соңғысы, қазіргі қаланың аумағында.[2]
1920 жылы қоныс қала және британ иелігінің орталығы статусына ресми түрде ие болды. 1970 жылдың 5 қазанында қала атауы Брунейдің бұрынғы сұлтаны Омар Әли Сайфуддиннің құрметіне Бандар-Сери-Бегаванға ауыстырылды (малай тілінен «Жоғары мәртебелінің қаласы» дегенді білдіреді).[2]
Заманауи тарихта қаланың аумағы алты рет ұлғайтылды: 1931, 1936, 1940, 1949, 1956 жылдары.[2] 2007 жылдың 1 тамызында Бруней сұлтаны қала аумағын 12,87-ден 100,36 км²-ге дейін кеңейтуге рұқсат берді.
Транспорты
Бруней елордасы елдің батыс бөлігімен автомобиль жолдарымен біріктірілген. Шығыс бөлігі шығанақпен бөлінген, оған теңіз жолымен немесе Малайзия аумағымен ғана жетуге болады.
Брунейдің халықаралық әуежайы қала орталығынан 11 км қашықтықта орналасқан. Әуежай бүкіл елге қызмет атқарады.
Су транспорты өзен бойымен қаланың орталығынан Кампонг-Айерге дейін жүретін катер тәріздес таксимен ұсынылған (жергілікті атауы — пенамбанг). Сонымен қатар катерлер елорданы Бангар және Лимбанг қалаларымен біріктіреді.
Remove ads
Көрнекті жерлері
Қалада көптеген көрнекті тарихи және мәдени ғимараттар орналасқан, соның ішінде Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешіті, патшалық кесенелер, сарайлар және көптеген мұражайлар, оның ішінде ең негізгісі Музей Брунейдің ұлттық мұражайы.
Қалалық саябақтар арасындағы ең бастысы Персиаран-Дамуан. Саябақта АСЕАН мүше елдерінің өкілдерімен жасалған мүсіндер ұсынылған. Сонымен қатар бұл саябақта Калимантанда ғана мекендейтін үлкен мұрынды маймылдарды кездестіруге болады.
Remove ads
Бауырлас қалалар
Галерея
-
Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешіті
-
Ұлттық корольдік мұражайы
-
Бруней парламенті
-
Қалалық кітапхана
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads