Берберлер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Берберлер
Remove ads

Берберлер — VII ғасырда исламды қабылдаған Солтүстік Африканың байырғы тұрғындарының жалпы атауы. Олар Марокко халқының шамамен 50% құрайды, Алжир халқының 25%-ы сондай-ақ Тунис, Ливия, Мысыр, Мавритания, Мали, Нигер және т.б. елдерде қоныстанған. Жалпы саны 30 миллионға жуық адам, оның ішінде 3 миллион адам Еуропа елдерінде. (2005).[1]

Quick facts Бүкіл халықтың саны, Ең көп таралған аймақтар ...
Remove ads

Тілі

Берберлер бербер тілінің диалектілерінде, көпшілігі араб тілінде сөйлейді.[2]

Діні

Мұсылман-сүнниттер, жергілікті дәстүрлі діни наным-сенімін сақтағандар да бар.

Тарихы

Thumb
Тарик ибн Зияд, бербер мұсылманы және 711 жылы Вестготикалық Испанияны жаулап алуды басқарған Омейяд генералы

Берберлердің ең алғашқы деректері олардың біздің дәуірімізге дейінгі 5000 жылдар шамасында Солтүстік Африка жағалауында өмір сүрген тас дәуіріндегі тайпалардан шыққанын көрсетеді. Ұқсас тілдермен біріккен халықтардың бұл тайпалары араласа отырып, олар бербер мәдениетінің негізіне айналған ортақ болмысты қалыптастырды.[3]

Жалпы, қазіргі ғалымдар Бербер халқы Солтүстік Африканың отарлаушыларының ұрпақтары деп санайды. «Бербертер» деп аталатын адамдарға ең алғашқы тарихи сілтемелер грек және рим дереккөздерінен алынған. Кейбір тарихшылар Африканың солтүстік-батысында тұратын кез-келген топты «Берберлер» деп атайды. Солтүстік Африканы арабтардың жаулап алуы 642-645 жж. басталды. 7-8 ғасырларда қазіргі Алжир, Тунис, Марокко және Ливия аумақтары орталықтандырылған араб-мұсылман мемлекетінің құрамына енді. XI-XII ғасырларда бербер көшпенділері Магребтің батыс аймақтарына басып кірді. Олардың билігі Солтүстік Африканың бедуинизациясына, оның ауылшаруашылық және қалалық мәдениетінің құлдырауына әкелді. 1515 жылдан 1830 жылға дейін қазіргі Алжир мен Тунис аймақтарында түріктердің үстемдік ету кезеңі келді. Тунис пен Марокко 1956 жылы, Алжир 1962 жылы тәуелсіздік алды. Берберлердің Африка елдерінің саяси өміріне қосқан үлесіне қарамастан, ең үлкен этникалық топ болғанымен олар саяси не мәдени автономияға ие бола алмады, автономия алу әрекетінің барлығы аяусыз басылып тасталды.

Кәсібі

Арабтардың жаулап алуы кезінде бербер тайпаларының кейбір топтары (масмуда және санхадждың бір бөлігі) шаруашылықтың негізгі саласы ретінде егіншілікті отырықшы етті, ал басқаларында (санхадж және Зенат тобының бір бөлігі) көшпелі немесе мал шаруашылығы болды. Берберлердің негізгі кәсібі – егіншілік (арпа, тары, бидай) бау-бақша және мал шаруашылығы (түйе, ұсақ және ірі қара). Бұрын дамыған қолөнер отаршылдық кезінде құлдырап кетті. Берберлердің бір бөлігі, әсіресе Марокко мен Алжирде, өнеркәсіпте жұмыс істейді. Қазіргі берберлер мәдениетінде ежелгі бербер мәдениетінің жеке элементтері сақталған.[4]

Remove ads

Өмір салты

Thumb
Бербер ауылы
Thumb
Таджин тағамы

Рулық-тайпалық институттар (такбилт-леффигтер) сақталған. Тайпалық топтың орталығы касба (араб), тигремт (бербер) немесе Дшар (бербер) бекіністері болып табылады. Тайпа бірлестігінің басында көсем (аглид, амғар) тұрады. Экономикалық өмір мен сыртқы байланыс мәселелерін сайланбалы ақсақалдар кеңесі – джмаа (араб), имзран (бербер) шешеді. Қауымдық жер пайдалану (арш) сақталған, руаралық бірлестіктер (тиуизи) кең таралған.

Ауылдары таулы аймақтарда тастан және ағаштан жасалған үйлер, көшпелілер арасында шатырлар (тахамт) басым.

Мағрибтің барлық елдеріндегі бербер тағамдары жергілікті аспаздық сипаттарды алды, сондықтан әртүрлі жерлерден келген берберлер әртүрлі тағамдарды жейді. Диетаның негізі - нан, кускус, тажин және бұқтырылған тағамдар.[5]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads