Брахиантиклиналь
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Брахиантиклиналь – (гр. brachs — қысқа және антиклиналь) — бір-бірімен астасып жатқан тау жынысы қабаттарының қысқа антиклинальдік иілім (қатпар) түрі[1]. Иілімнің ең жоғарғы нүктесі иілім құлпы деп аталады. Ол нүктеден таралған иілім қанаттары барлық бағытта бірдей еңістенеді. Төбесі шайылу нәтижесінде мұжылып тегістелген Брахиантиклинальдың бет көрінісі концентрлі эллипстер жиынтығы немесе бір-біріне кигізілген сопақша сақиналар тәрізді болады (суретті қ.). Брахиантиклинальдың үлкен осінің кіші осіне қатынасы онша үлкен болмайды [3:1 — 10:1 шамасында], сондықтан да ол қысқа антиклиналь деп аталған. Брахиантиклинальдың ядросы көне тау жыныстарынан, ал қанаттары олардан гөрі жас жыныстардан тұрады. Ені мен ұзындығы шамалас Брахиантиклинальдар күмбез деп аталады. Өзінің тұтастығын сақтаған, мұжылуға ұшырамаған Брахиантиклинальдың пішіні төңкерілген сопақша тақия тәріздес болады.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads