Варта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Варта (пол. Warta) - толығымен Польшада орналасқан өзен. Өзен ұзындығы 808 км, ал оның 407 км кеме жүзуіне жарамды.[1] Висла мен Одра өзендерінен кейін ұзындығы бойынша үшінші орында. Орталық Польшада жатқан Краков-Ченстохов қыратында бастауын алып солтүстік-батысқа қарай ағады. Польша мен Германия шекарасы маңындағы Одер өзеніне құяды. Варта өзенінің 35 кішігірім саласы бар. Оның ішінде ең үлкендері: Нотеч, Просна және Одра. Өзен бойында Познань, Ченстохов, Лубон, Коуо, Конин қалалары орналасқан.
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2022) |
Remove ads
Шаруашылық
Ертеден бері Варта өзені ағашты сал ағызу, бидай тасымалдау және балық аулау үшін қолданылған. 1883 жылы «Hermann i Sp.» серіктестігі Варта өзенінде ең алғашқы бу күшімен жүретін тұрақты жүк тасымалын бастады. Алайда 20 ғасырға таман, темір жол дамуымен бірге өзенді жүк тасымалы үшін қолдану саябырлады. [2] Қазір өзен бойында демалыс, туризм, және ескек есу қарқынды дамып жатыр.
Мәдениеттте
Варта өзені Польшаның әнұранында атап өтілген.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads