Верный уезі

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Верный уезіРесей империясындағы Түркістан генерал-губернаторлығына (1882-1899 ж. — Дала генерал-губернаторы) қарасты Жетісу облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Уездік қаласы – Верный (1921 жылдан бастап — Алматы)[1].

Remove ads

Тарихы

Верный уезі 1867 жылы 14 сәуірде құрылды.

Қазан төңкерісінен кейін Верный уезі Түркістан АСКР Жетісу облысының (1918-1922; 1924 ж. бастап Қазақ АКСР Жетісу губерниясы) құрамына енді. Верный уезінің аумағын уақытша басқару үшін Әскери-революциялық комитет құрылып, ол 1918 жылы сәуірде өз өкілеттіктерін Верный уездік-қалалық жұмысшы, солдат, казак, шаруа және мұсылман депутаттары кеңесіне берді. 1918 жылы тамызда Верный уезі Кеңестерінің бірінші съезі болды. Кеңестің алдында 49 ауылдық Кеңестерді ұйымдастыру, Кеңестердің 11 болыстық съезін, Жетісу облысының барлық уездерінен келген делегаттардың жиналысын өткізу (1918 ж. 25-26 мамыр) болды.

1921 жылы 3 наурыздағы Түркістан АСКР ОАК шешімімен Верный қаласы Алматы болып өзгертілгеннен кейін уез де Алматы болып аталды.

1923-1929 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформаның нәтижесінде Жетісу губерниясының Алматы уезі Алматы округінің ауданы болып өзгертілді (БОАК 1928 жылғы 3 қыркүйектегі шешімі).

Remove ads

Болыстары

1921 жылы уез құрамына 20 болыс кірді.

More information Болыс, Орталығы ...

1926 жылы уездің құрамына 9 болыс кірді, ауданы 57 350,26 ш.км болды.

More information Болыс, Мекендер ...
Remove ads

Сілтеме

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads