Верховна Рада
украиналық парламент From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Украина Жоғарғы Кеңесі (укр. Верховна Рада України; кейде қазақша Жоғарғы Рада[2]) — Украинаның бірпалаталы парламенті.[3] Верховна Рада 450 депутаттан тұрады, оларды төрағасы (спикер) басқарады. 2019 жылдың 21 шілдесінде сайланған депутаттар 29 тамызында ұлықталды.[4]
Жоғарғы Рада — елдегі жалғыз заң шығару органы. Оның құқығы және статусы Украина Конституциясында бекітілген. Парламент мүшелері Украина Халық депутаттары деп аталады және 5 жылға сайланады. Верховна Рададағы ең ірі партия — негізін Володимир Зеленський салған Халықтың қызметшісі партиясы.
Заң шығарумен қатар Верховна Рада Украинаның үкіметін, Министрлер Кабинетінің мүшелерін тағайындайды және олардың қызметі үшін жауап береді. Раданың 2021 жылдан бері төрағасы — Руслан Стефанчук.[5]
Remove ads
Құқығы және міндеті
Верховна Рада — Украинадағы жалғыз заң шығарушы орган. Парламент ішкі және сыртқы саясаттың принциптерін анықтайды, Украина Конституциясына түзетулер енгізеді, заңдарды қабылдайды, мемлекеттік бюджетті бекітеді, Украина президенті сайлауларын жариялайды, президентке импичмент жариялайды, соғыс және бейбітшілік жариялайды, Украина премьер-министрін тағайындайды, белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындайды немесе бекітеді, Украина Конституциялық сотының үштен бірін тағайындайды, халықаралық шарттарды ратификациялайды және денонсациялайды, сондай-ақ кейбір бақылау функцияларын жүзеге асырады.[6]
Парламент жылына 200-ге жуық заң жобасын қабылдайды. Парламентте күніне орта есеппен бес-алты заң жобасы тіркеледі.[7]
2017 жылға дейін парламент судьяларды қызметке тағайындап, қызметінен босатып, судьяларды ұстауға немесе қамауға алуға рұқсат берген еді (бұл өкілеттіктер Жоғарғы Әділет Кеңесіне берілді).
Remove ads
Құрамы
Верховна Рада — құрамында 450 депутаты бар бірпалаталы парламент, олар тең және тікелей жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Парламенттің барлық мүшелері парламенттік фракциялар мен топтарға топтастырылған. Белгілі бір партиялық тізім бойынша сайланған парламент мүшелері сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. 5 пайыздық сайлау шегінен жоғары дауыс жинаған партиялар фракциялар құрады. Ресми парламенттік фракцияларды құру Верховна Раданың ережелерімен реттеледі.
Парламенттік фракцияны тек 15 және одан да көп депутат құра алады, және де депутат бірден бірнеше фракцияның мүшесі бола алмайды. Төраға мен оның екі орынбасары фракция басшысы бола алмайды.
Қызметін бастар алдында Верховна Раданың әр депутаты ант беруге міндетті:[8]
![]() |
Мен Украинаға адал болуға ант етемін. Барлық әрекеттеріммен Украинаның егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, Отанның игілігі мен украин халқының әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндеттенемін. Мен Украина Конституциясы мен Украина заңдарын сақтауға, барлық отандастарымның мүддесі үшін өз міндеттерімді орындауға ант етемін. Түпнұсқа (укр.)
Присягаю на вірність Україні. Зобов'язуюсь усіма своїми діями боронити суверенітет і незалежність України, дбати про благо Вітчизни і добробут Українського народу. Присягаю додержуватися Конституції України та законів України, виконувати свої обов'язки в інтересах усіх співвітчизників |
![]() |
Remove ads
Төрағасы
Жоғарғы Рада депутаттары өз қатарынан Төрағаны (спикер; укр. Голова Верховної Ради), Төрағаның бірінші орынбасарын және Төрағаның екінші орынбасарын сайлайды.
Төраға парламент жиналыстарына төрағалық етеді, заң жобаларына қол қояды және оларды Президентке қабылдағаны үшін жібереді, парламенттік актілерге (заң жобаларынан басқа) қол қояды және қабылдайды, аппарат жұмысын ұйымдастырады.[9] Төрағаға парламенттің кезектен тыс сессияларын шақыруға,[10] Верховна Раданың үштен екісі дауыс бергенде ветоның күшін жоюға, Президент вето қойған заң жобаларын қабылдауға және Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырыстарына қатысуға өкілетті.[11]
Украина президенті лауазымы бос болған жағдайда Рада төрағасы шектеулі өкілеттігі бар мемлекет басшысының міндетін атқарушысы болады.[12] Президенттің міндеттерін атқаруындағы Төраға парламентті тарата алады, негізгі лауазымдарға кандидаттарды тағайындай алады, әскери атақтар немесе мемлекеттік ордендер бере алады және кешірім жасауға құқылы.[12]
Remove ads
Ғимараты
Верховна Раданың штаб-пәтері сталинистік неоклассикалық стилі бар Верховна Рада ғимаратында (бұрынғы Украина Жоғарғы Кеңесінің үйі) орналасқан. Оның мекенжайы — Печерськ ауданы, Михаил Грушевский көшесі, 5-үй, Киев.
Соңғы сайлауы
Remove ads
Қосымша ақпарат
- Ресейдің Украинаға басып кіруі себебінен Қырым Автономиялық Республикасы, Севастополь, Донецк және Луганск облыстарындағы кейбір аудандарда сайлау өткізу мүмкін болмағандықтан, Жоғарғы Рададағы олардың өкілі болып келетін 27 депутаттың орны бос қалды, нәтижесінде дәл қазір Радада тек 423 депутат қызмет атқаруда.
- Бір жеңімпазбен салыстырмалы мажоритарлық жүйе
- Основа партиясымен бірге блокта болған
- 2014 жылы қатыспады
- 2014 жылы қатыспады
- Біреуі Біріккен орталық партиясымен, және басқасы Біла Церква разом партиясымен ұсынылған
- Өлкеміз партиясының 4 мүшесін,, УКРОП партиясының 3 мүшесін,, Аграрлық партияның 1 мүшесін және "Нақты жағдайлар үшін" партиясының 1 мүшесін санағанда. Оларды өз партиялары ұсынған жоқ еді.[13][14]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads