Еділ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Еділ (орыс. Волга, тат. Идел, чув. Атăл) өзені (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен болып табылады.
Remove ads
Сипаттамасы
Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Шолман, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады. Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды.
Remove ads
Жануарлар әлемі
Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр.
Пайдаланылуы
Өзенді электр энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль, Кинешма, Төменгі Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Сарытау, Волгоград, Астрақан.[1]
Волга өзенінің экологиялық жағдайы күрделі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ауыл шаруашылығының және тұрмыстық қалдықтардың ластануы судың сапасына кері әсер етеді. Су қоймаларының салынуы табиғи экожүйелерге айтарлықтай өзгерістер енгізді. Ластану, су тапшылығы және биологиялық әртүрліліктің төмендеуі – Волга өзенінің негізгі экологиялық проблемалары.
Салалары
Суда, Кострома Ока, Кама, Уса, Сок, Самара, Үлкен Ырғыз, Кіші Ырғыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads