Гекто-
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Гекто- — жүз есе көбейтілгендікті көрсететін қосымша. Атауы гректің ἑκατόν — жүз сөзінен шыққан. Бұл қосымша 1795 жылы метрлік шаралардың енгізілуі кезінде Ван-Свинденнің ұсынысы бойынша ресми түрде қабылданды.[1] Ал СИ қосымшасы ретінде 1960 жылы XI Салмақтар мен шаралар бойынша бас конференцияда қабылданды.[2][3] Белгілеу: қазақ «г», халықаралық «h».
Негізгі қолданылуы
- 1 гектар = 100 ар — ауыл шаруашылығында қолданылады;
- гектопаскаль — метеорологияда ауа қысымын өлшейді;
- гектолитр — ауыл шаруашылығында шарап пен сүт көлемін өлшейді;
- гектометр — электромагниттік сәулеленудегі толқын ұзындығының ауқымын көрсету үшін қолданылады (гектометриялық толқындар).
Сонымен қоса зениттік артиллерияда қашықтықты гектометрлермен өлшейді.
Remove ads
Тағы қараңыз
Басқа сілтемелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads