Геометриялық нивелирлеу

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Геометриялық нивелирлеужер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл. Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен орындалады. Нивелирді орналастыруға байланысты Геометриялық нивелирлеу екі әдіспен жасалынады: “ортаға қою” және “алға нивелирлеу”. Маршруттық нивелирлеуде “ортаға қою” әдісін қолдану тиімді. Бұл әдісте нивелир екі нүктенің ортасына қойылады, ал нүктелерде вертикаль қалыпта рейкалар орналастырылады. Рейкалардан артқы (а) және алдыңғы (b) санақтар алынады. Осы санақтардың айырымы арқылы екі нүктенің өзара биікт. (їаb) есептелінеді. Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің арасы бір-бірінен алшақтау болса, нивелирді нүктелердің ортасына ретімен орналастырып (нивелир орналастырған жерді “станса” деп атайды) нивелир жүрісі жүргізіледі. Екі көршілес стансаға ортақ нүктелер нивелир жүрісінің байланыс нүктелері болып табылады. Олардың биіктік мәндері Ні+1Ні+їі формуласымен анықталады, мұндағы і — нүктелердің реттік нөмірі. Бастапқы және соңғы нүктелердің биіктік айырымы артқы және алдыңғы санақтар қосындыларының айырымына тең болуы керек, яғни Нсоңғ.Нбаст.аb. Жер бетінде Геометриялық нивелирлеу арқылы мемлекеттік және жергілікті нивелирлік торлар құрылады, олар арқылы республика аумағында біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топографиялық түсірім мен инженерлік жұмыстар орындалады. Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба белгілер мен еңістіктерді шығарғанда, жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топографиялық жоспар план алу үшін қолданылады.[1]

Геометриялық нивелирлеу - нивелирдің горизонталь нысаналау сәулесі арқылы нүктелердің биік айырымдарын анықтау әдісі.[2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads