Нивелирлеу

From Wikipedia, the free encyclopedia

Нивелирлеу
Remove ads

Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау.

Thumb
Геометрикалық нивелирлеу.

Жалпы мәліметтер

Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді. Нүктелердің биіктігі іргелес екі нүктенің биіктік айырымына қарай анықталады. Геометриялық және тригонометриялық Нивелирлеу топография түсірулерде биіктіктерді үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Барометрлік және механикалық Нивелирлеу түрлі экспед. зерттеулер кезінде пайдаланылады. Гидростатикалық Нивелирлеумен ғимараттардағы өзгерістер айқындалады. Бұлардан басқа астрономиялық немесе астрономиялық-гравиметриялық Нивелирлеу қолданылады.[1]

Нивелирлеу геодезиялық өлшеулердің саңдық көрсеткішінің бір түрі. Ол биік тірек геодезиялық торды (жер бетінің ойлы-қырлы өлшем көрсеткіштерін) құруда, топографиялық жер бейнесін түсіруде жер бетінің бейнесін кішірейтіп (масштабпен), сондай-ақ инженерлік ғимараттарды, темір жолдар мен тас жолдарды, каналдарды және т.б. жобалау, құру және оларды пайдалану мақсаттары үшін жүргізіледі.

Remove ads

Түрлері

Нивелир орындалу төсілдеріне қарай:

Нивелирлеу процесі

Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі:

Нивелирлік биіктік

Нивелирлік биіктік (Нивелирная высота) — жер беті нүктесінің нивелирлеу әдісімен анықталатын биіктігі. Геометриялық нивелирлеу нәтижесінде нивелир сызығының бойымен алынған бір-біріне жақын орналасқан екі нүкте арасындағы биіктіктер айырымымен анықталады.

Сілтемелер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads