Гигрометр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Гигрометр — ауаның ылғалдылығын өлшеу үшін қолданылатын метеорологиялық аспап.[1] Гигрометрдің бірнеше түрі бар: шаш гигрометрі, салмақтық, конденсациялық,керамикалық, электролиттік, электрондық, жапсарлы.

Шаш гигрометрі
Шаш гигрометрі майсыздандырылған шаштың ауа ылғалының ұзаруы не қысқаруы нәтижесінде жұмыс істейді. Шаш гигрометрі соңғы кездері тек білім беру мекемелерінде ғана пайдаланылуда, оның орнына қазіргі кезде арзандау электронды гигрометр пайдаланылады.
Конденсация гигрометрі
Ол стендте орнатылған жалтырақ тегіс беткі қабаты бар металл дөңгелек қораптан тұрады. Қораптың жоғарғы жағында екі тесік бар. Олардың біреуі арқылы қорапқа эфир құйып, термометрді салады, екіншісі резеңке сорғыға қосылады. Конденсация гигрометрінің әрекеті шық нүктесін анықтауға негізделген.
Эфирден ауаны сорғымен үрлейді, осы кезде эфир тез буланады және қорапты салқындатады. Жылу тасымалының арқасында қораптың бетіне жақын орналасқан су буының қабаты да салқындайды.
Белгілі бір температурада бұл су буы тығыздана бастайды. Қораптың жылтыратылған бетінде су тамшылары пайда болады. Бұл температура термометрімен анықталады, бұл шық нүктесі болады.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads