Дария Пернешқызы Қожамжарова
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Дария Пернешқызы Қожамжарова (22 шілде, 1962 жылы Таразда туған) — ғалым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (2017). Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры (2018 жылдан).
Remove ads
Білімі, ғылыми атағы
Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан.[1]
1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірді[2].
1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспиранты болды.
1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.
2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
2010 жылдан бастап профессор, 2013 жылдан бастап ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, 2017 жылдан бастап ҚР ҰҒА-ның академигі[3].
Remove ads
Еңбек жолы
Алғаш еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «КОКП тарихы және ғылыми атеизм» кафедрасында оқытушы болып бастады.
1989-1990 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында стажер-ізденуші болды.
1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті.
2001-2008 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педагогика факультеті деканының орынбасары, «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы қызметтерінде болды[4].
2008-2010 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры.
2010-2013 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2012 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.
2013-2018 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры[5].
2018 жылдың 18 мамырында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды[6][7][8].
Remove ads
Қоғамдық қызметі
2008-2012 жылдары ІV шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты.
2012-2016 жылдары V шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты.
2016 жылдан VІ шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.
Марапаттары
Дария Пернешқызы Қожамжарова – 3 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астанаға 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет Грамоталарымен және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоты – 2017» номинациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің «Көшбасшы әйел – 2017» номинациясының иегері.
Remove ads
Ғылыми қызмет нәтижелері
Ғалым ретінде 250-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың 6 монографияның, 5 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads