Дауыссыз дыбыстар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.[1]
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соқтығысады.
Қазақ тілі
Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Бұлардын ішінде һ дауыссызы парсы-араб сөзінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс кірме сөздерде кездеседі.[2]
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
- Қатаң дауыссыздар — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;
- Ұяң дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
- Үнді дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар деп аталады.
Жіңішке дауыссыздар — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз).
Жуан дауыссыздар — тілдің орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) төмен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]
Remove ads
Тағы қараңыз
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads