Дауысты дыбыстар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.
Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында.
Қазақ тілі
Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 12 дыбыстан құралған: а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ү, ы, і, э.[1] Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық–қысаң, еріндік–езулік, жуан–жіңішке болып бөлінеді.[2]
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардан құрылған дифтонгтар да бар: и, у, ю, я.[a] Мысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие [шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет].
Қазақ тіліндегі дауыстылар жіктелуі:
- Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
- Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і
- Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді: а, ә, е, о, ө
- Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
- Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у).
- Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің дауыстылары көбіне қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне бейімделіп айтылады. Мысалы, қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін [э] дыбысы русизмдерде ғана қолданылады (экран, эффект). [и] және [у] дыбыстары қазақ тілінде әдетте қос дыбыстар түрінде беріледі (бій – би, сұу – су), бірақ кірме сөздерде олар дербес дауысты дыбыс ретінде айтылады (институт, функция).[3]
Remove ads
Тағы қараңыз
Ескертпелер
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads