Джимми Картер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Джимми Картер (ағылш. Jimmy Carter, толық есімі — кіші Джеймс Эрл Картер, ағылш. James Earl Carter Jr.; 1 қазан 1924 жыл, Плейнс – 29 желтоқсан 2024 жыл, Плейнс) — америкалық саясаткер, 39-АҚШ президенті (1977–1981). Демократиялық партия мүшесі болған ол — АҚШ президенттері арасындағы ең ұзақ ғұмыр кешкені және 100 жасқа жеткен жалғызы.
Remove ads
Өмірінің алғашқы кезеңі

Жаңғақ өсірумен шұғылданатын фермер және кәсіпкер жанұясында дүниеге келді. Бала жасынан баптизм дінін ұстана бастайды. Джорджия штатының Технологиялық институтын және Әскери-теңіз акадмиясын бітірді, жеті жыл Тынық мұхиты мен Атланттық флотында офицер-сүңгуірші қызметін атқарды. Адмирал Хаймен Риковер лейтенант Картерді атомды су асты кемесін құру үшін алған болатын, Картер «Сивулф» АТҚ – да бас офицер қызметін аяқтады.
Remove ads
Джорджия губернаторы
1962 және 1964 жылдары Джорджия штатының сенаты. 1966 жылы Джорджия губернаторлық орнына дауысқа салды, алайда сайлау кезінде жеңіліс тапқан болатын. 1970 жылғы сайлауда жеңіске жетті.
Президенттікке сайлануы
1976 жылы серіктестіктің сайлауалды барысында Картердің негізгі мүмкіндігі Оңтүстіктегі Дж. Уоллесті жеңудегі жалпыұлттық масштабтың қолдауы мен тануын жаулап алу болды. Картер қарсыласынан көпшілік алдында қатынасын үзді. Оған азғантай салмақпен Флоридадағы алдыңғы сайлауда Уоллесті жеңуге мүмкіндік туған, ал жеңістен соң, Солтүстік Каролинада оны ойыннан шығарып жіберді. Уақыт өте келе Картер Алабама мен Миссисипиді қоспағанда, оңтүстік штаттардағы алдын ала сайлаудың барлығында жеңіске жетті. «Жаңа Оңтүстіктің» үміткері Картердің имиджі палаталар өкілдері Джорджиядан Э.Янг пен Детройттан мэр К.Янг танымал афроамерикандар көшбасшылар жағынан қолдау болып бекітілді. Ұлттық конвент алдында Картер демократтарды өзін қолдайтын 1100 делегаттарды қамтамасыз етті. 1976 жылғы 14 шілдеде АҚШ президенті орнына Демократиялық патияның үміткері болып алға тартылды. Картер өзіне серіктестері етіп Миннесота сенатор-либералы Уолтер Мондейлді таңдап алды. Өзінің ұлықтау рәсімінде алғашқы сөзінде Джимми Картер: «Біз әрбір елдің өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қажетті қарулар арсеналын қысқартуға өзіміздің ақылымыз бен табандылығымызды көрсетпекпіз...»
Ішкі саясаты
Картердiң позициялары либералды-демократиялық болды. Ол жұмыссыздар санын 4,5% төмендетуге болатынын және инфляцияны 4% жыл сайын тағы да азайтуға болатынын айтқан болатын. "Адамзат алдындағы масқаралық" деп танылған федералды салық жүйесін қайта қарауға уәде берген болатын. Әлеуметтік қамтамасыз етудің бірегей федералды жүйесін жүргізетінін және медициналық стационарларда ем алу ақысын төмендететінін айтқан болатын. Картер сол сияқты федерлды шенеуніктер аппаратын толық қайта құруға және "ашық үкімет" орнататынын айтқан болатын. Президенттігіні алғашқы кезеңінен бастап кіші-гірім қалалық шет аймақтарға барып, халықпен кездесіп қайтты. "Президент Картерден сұраңыз" атты радиобағдарламада азамматтардың сұрауларына жауап беріп отырды.
Картердің президенттігі "мұнай бағасының өсуіне " алып келді. Осы жағдайда жұмысссыздар саны мен инфляция жоғарылай түсті, 1979 жылы АҚШ экономикалық дағдарыс алдында тұрды.
Remove ads
Рейганнан жеңілісі

1980 жылы президенттік сайлауда Картер екінші кезеңге дауысқа түсіп, республикалық партия өкілі Рональд Рейганнан жеңіліс тапты. Картердің президенттік өкілеттілігі аяқталған соң 5 минуттан кейін Рейган 1981 жылдың 20 қаңтарында ант алып келді. Ирандықтар кепіл тұтқындарды босатты.
"Құлдырау — көршіңізді жұмысынан айыру, дағдарыс — жұмысыңыздан айрылуыңыз, экономиканың сауығуы — Джимми Картердің жұмысынан айрылуы" – деген болатын АҚШ президенті Рональд Рейган.
Remove ads
Дереккөздер
Ізашары: Джеральд Форд |
АҚШ Президенті 1977–1981 |
Ізбасары: Рональд Рейган |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads