Дилер

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Дилер (ағылш. dealer – саудагер‚ сатарман) [1]бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Ол лицензия бойынша дилерлік қызметті жүзеге асырады; тауарларды‚ бағалы қағаздарды‚ валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Делдалдан өзгеше түрде олар‚ әдетте‚ өз атынан және өзінің есебінен әрекет етеді. Дилер делдалдық фирмалардың‚ инвестициялық банкілердің‚ сақтандыру компанияларының қызметшілері емес. Олар арнаулы дайындықтан өтуге‚ емтихан тапсырып‚ жұмысқа ресми лицензия алуға тиіс. Дилер бір-бірімен‚ делдалдармен және тікелей тапсырыскерлермен мәміле жасасады‚ олардың пайдасы сатушы мен сатып алушы бағамдарындағы айырма‚ сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздар бағамының өзгеруі есебінен құралады.[2][3]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads