Душанбе

From Wikipedia, the free encyclopedia

Душанбе
Remove ads

Душанбе (тәж. Душанбе, аудармасы — Дүйсенбі) (1929 жылға дейін Дюшанбе, 1961 жылға дейін Сталинабад) — Тәжікстан Республикасының астанасы. Қала Кеңес үкіметі жылдарында Дюшамбе қыстағының орнына салынды. 1924 жылдан Тәжік АКСР-інің, 1929 жылдан Тәжік КСР-інің және 1991 жылы 9 қыркүйектен бастап Тәжікстан Республикасының астанасы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Халқы

  • 679400 адам (2010).
  • 802700 адам (2016); .

Орналасқан жері

Гиссар аңғарындағы 750 — 930 м-лік биіктікте, Душанбе өзеңінің жағасында орналасқан.

Инфақұрылымы

Душанбеде машина жасау, металл өңдеу, жеңіл (мақта-мата, жібек, аяқ-киім фабрикалары) және тамақ өнеркәсіптері, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары бар. Вахш өзеңінде үлкен су электр станция салынған. Қалада Тәжікстан Ғылым Академиясы, 8 жоғары оқу орны, 6 театр, өлкетану және бейнелеу өнері музейлері бар.

Аудандары

Үш ауданға бөлінеді, қалада темір жол вокзалы және халықар. Әуежай орналасқан.


Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads