Егіздер (шоқжұлдыз)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Егіздер (шоқжұлдыз)
Remove ads

Егіздер (лат. Gemіnі Астротаңбасы ♊) – Солтүстік аспан жарты шарындағы сары жолақты өңірдегі шоқжұлдыз. Оның көлемі 513.76 шаршы градус болып, бүкіл ашық аспан көлемінің 1.245% ұстайды. Ол аспандағы 88 шоқжұлдыз ішінде көлемі жағынан 30 орында тұрады.[1][2] Егізден зодиактік шоқжұлдыз есептеледі. Зодиакта ол Шаян мен Торпақ шоқжұлдыздары арасында орналасқан. Егіздердің ең жарық жұлдыздары – Поллукс пен Кастор болып[3][4], 1,2 және 1,6 көрінерлік жұлдыздық шамада жартылай жарқырап көрінеді. Әр жылы 5 қаңтардағы жарым түнде Поллукс Егіздердің орталығын кесіп өтеді. [5]

Thumb
Егіздер
Thumb
Егіздер
Quick facts Қысқартылуы, Символы ...

1781 жылы ағылшын астрономы Уильям Гершель мен қарындасы Каролина Һершел Егіздер H жұлдызы қасынан Уранды байқады.[6] 1930 жылы АҚШ астрономы Клайд Томбо Егіздер δ жұлдызы қасынан Плутонды байқады.Бірақ кейіннен 2006 жылы Плутон ергежейлі планета деп танылды.[7] АҚШ та арнайы Егіздер (Gemіnі) атымен аталатын астрономиялық жоба бар.

Егіздер шоқжұлдызының батысы Торпақ шоқжұлдызы болса, шығысы біршама күңгірт Раг шоқжұлдызы есептеледі. Арбакеш (Latınca:Auriga) шоқжұлдызы және өте күңгірт Мысық шоқжұлдызы оның сол жағына орналасқан. Сыңармүйіз шоқжұлдызы (Monoceros) мен Күшік шоқжұлдызы (Canis Minor) оң жағына орналасқан.

Remove ads

Тарихы

Thumb
Егіздер Поллукс пен Кастор

Егіздер шоқжұлдызының шығу тарихы гректердің құдайларға байланысты аңыздарынан басталады. Аңыз бойынша,Зевс пен Ледадан егіз балалар туылады. Біреуі - Поллукс, екіншісі - Кастор. Олардың біреуі шексіз өмірге ие болса, екіншісі адамға берілер жаспен ғана өмір сүреді. Әрқашан бір-бірінен бөлінбей жүретін екі ағайындыны да бөлетін күш табылады. Ол күш адамға берілетін жаспен ғана өмір сүретін бауырының қазасы. Асылы, екі егіз бір-бірімен сансыз рет күш сынасқан екен. Бірақ Идас пен Линкей соғыс олжасын бөліскен кезде олар ортасында қайшылық туылады да, жекпе-жек басталады. Линкей Касторден өледі, сосын Идас Касторды өлтіреді. Сосын Идасты Поллукс өлтіреді. Сосын Поллукс Зевстен сыңарын тірілтуді сұрайды және өзінің өлместік қасиетінен бас тартатынын айтады. Бірақ грек құдайлары адамдарға жан беруді ұнатпайды. Әкесі егіздің сыңарына бауырыңмен өз өміріңмен бөліс деп кеңес береді. Бауыры әкесі айтқандай істейді. Екеуі бір күнін өлілер жерінде өткізсе, келесі күнін тірілер жерінде өткізеді. Грек Құдайлары әсерленіп, екі егізді аспанның солтүстік жартышарындағы Егіздер шоқжұлдызына айналдырады.

Thumb
Егіздер
Remove ads

Егіздердегі маңызды тұрақты жұлдыздар

Поллукс (Егіздер β) — аспандағы 17-ші жарық жұлдыз, көріну шамасы 1.14. Ол Алып қызыл жұлдыз есептеледі. Қашықтығы 35 жарық жылы.

Кастор (Егіздер α) — астрономиялық күзетуде аспандағы физикалық қосаржұлдыз екені тұңғыш рет анықталған жұлдыз. Ол 6 жұлдыздан құралған. Оның жұлдыздық шамасы 1.58, аспандағы 22-ші жарық жұлдыз. Қашықтығы 31 жарық жылы.

Геминорюм М (Mu Geminorum, Егіздер μ) — ауыспалы жұлдыз. 2.75-3.02 арасында жарқырайды. Қашықтығы 160 жарық жылы.

Геминорюм З (Zeta Geminorum, егіздер ζ) — Цефеид жұлдызы, жұлдыз шамасы 3.62, кіші болғанда 4.18. Жарығының өзгеру периоды 10 күн, 3 сағат, 37 минут.

Егіздер R — Өзгеру периоды ұзақ, жарқырау шамасы 6.0-14.0 аралығында, жарығының өзгеру периоды 369.91 күн.[8][9]

Remove ads

Егіздер шоқжұлдызының жұлдыздар тізімі

More information Имя, Б ...
Remove ads

Егіздер шоқжұлдызындағы объектілер

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads