Ертіс (Павлодар облысы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Ертіс (Павлодар облысы)
Remove ads

ЕртісПавлодар облысы Ертіс ауданындағы ауыл, аудан және Ертіс ауылдық округі орталығы, өзен айлағы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
 Басқа мағыналар үшін Ертіс (айрық) деген бетті қараңыз.
Remove ads

Географиялық орны

Облыс орталығы Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 175 км жерде, Ертіс өзенінің сол жағасындағы далалық белдемде орналасқан.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...

Тарихы

Іргесі 20 ғасырдың басында қаланған. 1961 жылы қозғалтқыш және комбайн жөндеу зауыттарын салуға байланысты жұмысшы кентіне айналды. 1973 жылдан қала статусы берілді. 1993 жылы Ертіс қайтадан ауылға айналды.[4] Қозғалтқыш және комбайн жөндеу зауыттарынан басқа, құрылыс материалдары мен құралымдар (конструкциялар) комбинаттары, автобаза, жиһаз фабрикасы, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, май мен сыра зауыттары, астық қоймасы бар. Ертіс ауылы арқылы Павлодар — Омбы автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары жылдың жылы мезгілінде Ертіс өзенінің жағалауындағы ауылдармен су көлігі арқылы да қатынасады.

Инфрақұрылымы

3 орта мектеп, кәсіптік-техникалық училище, спорт мектебі, кітапхана, аурухана, тарихи-өлкетану музейі, клуб, кинотеатр бар.[5]

Ауыл көшелері

  • 1-Май көшесі
  • 1-Набережная көшесі
  • 2-Набережная көшесі
  • Ақжол (Тельман) көшесі
  • Астана (Ленин) көшесі
  • Б.Рамазанов (Горький) көшесі
  • Береговая көшесі
  • Би Байсерке Абыз (30 лет Целины) көшесі
  • Бөгенбай (Карл Маркс) көшесі
  • Бурягин көшесі
  • Бірлік (Первомайская) көшесі
  • Гагарин көшесі
  • Демин көшесі
  • Жазы батыр көшесі
  • Жалаулы көшесі
  • Желтоқсан (Герцен) көшесі
  • Иван Кутурга көшесі
  • Интернациональная көшесі
  • Иса Байзақов көшесі
  • Карел-Полк көшесі
  • Кеңдала (Заготскот) көшесі
  • Қажымұқан (Войков) көшесі
  • Қазына (Базарная) көшесі
  • Қайнар (Чехов) көшесі
  • Қожаберген батыр (Гоголь) көшесі
  • Құдайберген батыр (25 лет Октября) көшесі
  • Луговая көшесі
  • Мерей (Транспортная) көшесі
  • Оразбай Қуанышев (Маяковский) көшесі
  • Островский көшесі
  • Пристань көшесі
  • Пушкин көшесі
  • Серікбай Мүткенов (Титов) көшесі
  • Степная көшесі
  • Строительная көшесі
  • Түгел батыр (Луначарский) көшесі
  • Фрунзе көшесі
  • Чайковский көшесі
  • Ысқақов (Коллонтай) көшесі
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads