Изер (департамент)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Изер (фр. Isère, окс. Isèra) — Францияның оңтүстік-шығысындағы департамент, Рона-Альпі аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 38. Әкімшілік орталығы — Гренобль. Халық саны 1,094 млн адам (департаменттер арасында 16-шы орын, 1999 ж.).
География
Жер аумағы 7431 км². Департамент арқылы Изер өзені ағып өтеді.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 3 округ, 58 кантон және 533 коммунаны қосады.
Тарихы
Изер — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Дофине провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Изер өзенінен шыққан. 1852 және 1967 жылдары департамент территориясы екі мәрте өзгертілген.
Экономикасы
Департаментте жинақы автомобильдер, «жеңіл квадрициклдер» жасаумен аналысатын Aixam-MEGA өндірісі орналасқан.
Сілтемелер
- Conseil Général website (фран.)
- Prefecture website (фран.)
Тағы қараңыз
![]() |
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads